Егер дивиденд сомасы бір есепті кезеңде хабарланып, келесі есепті
кезеңде төленетін болса, онда инвестор бір уақытта есептелген дивиденд
сомасына 1270 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сый-ақылар» шотында
дебиторлық борышты және 6120 «Дивидендтер бойынша табыстар»
шотында дивиденд бойынша табысты көрсетеді.
«Арман» компаниясы 2010 жылдың 1 – желтоқсанында әрбір акцияға 200
теңге мөлшерінде дивиденд төлейтіндігін және оны 2011 жылдың 15
қаңтарында жіберетіндігін хабарлады.
«Бірлік» корпорациясының бухгалтерлік есебінде мынадай жазулар
орындалады:
01.12.2010ж.
Дт Кт
1270 6120 - 200
000 теңге
15.01.2011
ж
Дт Кт
1030 1270 - 200
000 теңге
2011
жылғы 1 – қаңтарда «Бірлік» корпорациясы «Арман»
компаниясының 500 акциясын сатып өткізді делік (әрбір акцияның бағасы
1100 теңге). «Бірлік» корпорациясында бағалы қағаздың есептен шығарылуы
төмендегі жазу арқылы көрсетіледі:
1.
Дт Кт
1030 “Ағымдағы банк шоттарындағы
ақша қаражаттары” 550 000
6210 “Активтерді есептен
шығарудан алынған табыстар” 550 000
2.
Дт Кт
7410 “Активтердің есептен
шығуы бойынша шығыстар” 500 000
2030 “Сатуға арналған қолда
бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар” 500 000
Достарыңызбен бөлісу: