Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды



Pdf көрінісі
бет44/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva

             5. 2   
Қауымдасқан (ассосацияланған ) ұйымдарға     салынған  
инвестициялардың  есебі  (БЕХС 28) 
   
                                   
Бухгалтерлік есептің  28 « Қауымдасқан (ассоциацияланған ) 
ұйымдарға салынған  инвестициялардың  есебі» деп аталатын халықаралық 
стандартына сәйкес  
қауымдасқан (ассоциацияланған) ұйым  дегеніміз – 
шаруашылық қызметіне инвестор елеулі ықпал ететін, бірақ еншілес те, 
біріккен де емес ұйым.            
        
Елеулі  ықпал  ету  деп  –  инвестиция  салынған  ұйымның  қаржылық 
немесе  операциялық  саясаты  бойынша  шешім  қабылдауға  қатысу 
мүмкіндігін айтады. 
53 
 


       
Егер  инвестор  тікелей  немесе  өзінің  еншілес  кәсіпорындары  арқылы 
инвестиция салынған кәсіпорынның таза активтеріне (капиталына) иелік ету 
құқығының  20 немесе  одан көбірек пайызын (50 пайызға дейін) иемденетін 
болса,  онда  инвестор  елеулі  ықпал  етеді  деп  пайымдалады.  Ал,  егер, 
керісінше инвестордың тікелей немесе өзінің еншілес кәсіпорындары арқылы 
инвестиция салынған кәсіпорынның капиталына (таза активтеріне) иелік ету 
құқығы 20 пайыздан төмен болса, онда инвестор елеулі ықпал ету құқығына 
ие бола алмайды.  
        
Жоғарыда  аталған  стандартқа  сәйкес  инвестордың  елеулі  ықпал  етуі 
төмендегі  тәсілдердің  біреуін  немесе  бірнешеуін  қолдану  арқылы  жүзеге 
асырылады: 
           
1. Инвестиция салынған ұйымның директорлар кеңесінде инвестордың  
 
өкілдігінің болуы; 
          2. 
Инвестиция салынған ұйымның қаржы , операциялық, басқару , есеп 
жүргізу саясатына  инвестордың қатысуы; 
         3. 
Инвестор  мен  инвестиция  салынған  ұйым  арасында  елеулі      
операциялардың болуы; 
         4.  
Басқарушы кадрларды айырбастау мүмкіндігі;                      
         5.  
Маңызды техникалық ақпараттармен қамтамасыз ету. 
       
Бухгалтерлік есептің  28 « Қауымдасқан (ассоциацияланған ) ұйымдарға 
салынған  инвестициялардың  есебі» деп аталатын халықаралық стандартына 
сәйкес    қауымдасқан  ұйымдарға  салынған  инвестициялардың  есебі  үлестік 
қатысу әдісі бойынша жүргізіледі. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет