Егер компания басқа кәсіпорынның барлық шығарған акцияларының
20%-
нан 50% - на дейін сатып алса, онда инвестор инвестиция салынған
кәсіпорынның қызметіне елеулі ықпал ету мүмкіндігіне ие болады. Мұндай
жағдайда инвестициялардың есебі үлестік қатысу әдісінің көмегімен
жүргізіледі.
Үлестік қатысу әдісін пайдалану кезінде компания – инвестор дивиденд
төленсе де, төленбесе де инвестиция салынған компанияның таза
табысындағы өзінің үлесін анықтауға тиісті. Себебі компания – инвестор
дивиденд төлеу туралы мәселені шешуге қатыса алады және де сөйте отырып
инвестиция салынған кәсіпорынның бұл мәселені шешуіне ықпал ету
жолымен өзінің таза табысын реттей алады.