Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды



Pdf көрінісі
бет40/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva

                    4.4
    
Операциялық (ағымдағы) жалдаудың есебi 
 
 
Операциялық жалдау дегенiмiз- қаражыландырылған жалдаудан басқа 
кез-келген  жалдау.  Операциялық  жалдау  кезiнде  активке  иелiк  ету 
құқығымен  байланысты  тәуекедiк  пен  сый-ақы  жалға  берушiде  қалады. 
47 
 


Сондықтан  жалға  берiлген  активтер  амортизацияланушы  мүлiк  ретiнде,  ал 
алынған  жалдық  төлем  жалдаудың  барлық  кезеңiнде  табысқа  қосылады. 
Яғни,  ағымдағы  жалдау  жалға  алушының  мүлiктi    уақытша  пайдалануы 
(иелiк етуi) болып табылады 
 
Жалға  берушiнiң  бухгалтерлiк  есебiнде  жалға  берiлген  негiзгi  құрал 
объектiсi  2410  «Негiзгi  құралдар»  бөлiмшесi  шотының  тиiстi  аралық 
шоттарында негiзгi құралдардың құрамында есепке алынады. 
 
Алынуға  тиiстi  жалдық  төлемдер  жасалынған    келiсiм-шарттарға 
сәйкес  1260  «Жалдау  бойынша  қысқа  мерзімдік  дебиторлық  борыштар» 
шотының  дебетi  6260  «Операциялық  жалдаудан  алынған  табыс»  шотының 
кредитi  бойынша  көрсетiледi.  Егер  жалға  беру    кәсiпорынның  қызметiнiң 
негiзгi түрі болса, онда 6010 шоты кредиттеледi. 
 
Операциялық  жалдауға  берiлген  мүлiк  жалға  берушiнiң  бухгалтерлiк 
балансында көрсетiлетiн болғандықтан, амортизация есептеудi жалға берушi 
жүзеге  асырады.  Бұл  операция  7450  «Операциялық  жалдау  бойынша 
шығыстар»  шотының  дебетi  және  2420  «Негiзгi  құралдардың 
амортизациясы»  шотының кредитi бойынша есепке алынады. Операциялық 
жалдауға берiлген мүлiк бойынша  амортизация есептеу кәсiпорынның есеп 
саясатына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Жалдық  төлемнiң  келiп  түсуi  тиiстi 
ақша  қаражаттары шоттарының дебетi және  1260 «Жалдау бойынша қысқа 
мерзімдік дебиторлық борыштар» шотының кредитi бойынша көрсетiледi. 
 
Жалға  алушы  ағымдағы  жалдау  бойынша    жалдық  төлем  түрiндегi 
шығыстарды олар қай кезеңге жататын болса сол кезеңнiң  шығысы ретiнде 
есепке алады. 
Операциялық  жалдау  бойынша  жалдық  төлем  жалға  алынған  актив 
кәсiпорын  қызметiнiң  қай  саласында  пайдаланылса,  сол  саланың 
шығындарына  жатқызылады  және  ол  бухгалтерлiк  есепте  8410  «Үстеме 
шығыстар»,  7110  «Өнімдерді  сатып  - өткізу  және  қызмет  көрсету  бойынша 
шығыстар»  ,  7210  «Әкiмшiлiк  шығыстары»  шоттарының  дебетi  3360 
«Жалдау  бойынша  қысқа  мерзімді  борыштар»  шотының  кредитi  бойынша 
көрсетiледi. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет