Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды


Үлестік  құрал  дегеніміз



Pdf көрінісі
бет54/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva

Үлестік  құрал  дегеніміз 
– 
барлық  міндеттемелерді  алып  тастағаннан 
кейінгі  қалатын  кәсіпорын  активтеріне  үлестік  құқықты  растайтын  кез  - 
келген келісім - шарт . 
 
                6.3  
Қаржылық құралдардың танылуы және бағалануы 
 
Отандық кәсіпорындар үшін қаржылық құралдарды қаржылық есептілікте 
көрсетудегі  маңызды  мәселе  –  олардың  дұрыс  есепке  алынуы  (танылуы) 
және дұрыс бағалануы. 
Қаржылық  есептіліктің  39  «Қаржылық  құралдар:  танылуы  және 
бағалануы»  деп  аталатын  халықаралық  стандартына    сәйкес  кәсіпорын 
қаржылық  активтер  немесе  қаржылық  міндеттемелерді  сол  қаржылық 
құралға қатысты келісім - шарт бойынша екі тараптың (жақтың) бірі болған 
кезде таниды (есепке алады). Яғни, кәсіпорын қаржылық активті сатып алу 
келісім - шартын жасаған кезде (мысалы, қарыз беру, үшінші жақтан бағалы 
61 
 


қағазды  сатып  алу  келісім  -  шартын)  оны  қаржылық  актив  ретінде  таниды 
(есепке алады). 
Қаржылық құралдарды бағалау оларды тану (есепке алу) сәтінде және 
одан  кейін  жүзеге  асырылады.  Қаржылық  құралдарды  есеп  объекті-лерінің 
құрамына есепке алу сәті – операция орындалған мерзім. 
Қаржылық активті немесе Қаржылық міндеттемені кәсіпорын ең алғаш 
қандай құнымен тануға (есепке алуға) тиісті? 
Кәсіпорын қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені балансқа 
есепке  алу  кезінде  нақты  шығарылған  шығын  бойынша,  яғни  ол  үшін 
берілген (активтің жағдайында) немесе алынған (міндеттеменің жағдайында) 
активтің әділетті құны бойынша бағалайды. 
39  «Қаржылық  құралдар:  танылуы  және  бағалануы»  халықаралық 
стандартына  сәйкес 
әділетті құн дегеніміз
 – 
бір-бірінен тәуелсіз және бірін-
бірі жақсы білетін екі жақтың арасында келісім жасалу кезінде активті сатып 
алу  немесе  міндеттемені  орындау  үшін  жеткілікті  ақша  қаражаттарының 
сомасы. 
Әділетті  құн  қаржылық  активті  сатып  алуға  немесе  қаржылық 
міндеттемені қабылдауға тікелей жатқызылатын 
келісім жасау шығындарын
 
есепке ала отырып анықтауға тиісті. 
Келісім жасау бойынша шығындарға төмендегілер жатады: 
        -   
инвестиция жөнінде кеңес берушіге төлем жасау бойынша шығындар; 
  - 
қор  биржаларының,  дилердің,  депозитарийлердің  комиссиялық 
алымдары және басқа да комиссиялық алымдар; 
       - 
келісімді  дайындау  және  жүзеге  асырумен  байланысты  басқа  да 
шығындар. 
Қаржылық активті ең алғаш тану (есепке алу) жіберілген төлемнің әділетті 
құнына  келісім  жасау  бойынша  шығындарды  қосу  арқылы  жүзеге 
асырылады, ал қаржылық міндеттеменің танылуы алынған төлемнің әділетті 
құнынан  келісім  жасау  бойынша  шығындарды  алып  тастау  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет