Шетелдік валюта –
осы компанияның есеп беру валютасынан басқа кез
келген валюта.
Валюталық бағам –
бір валютаны басқа валютаға айырбастау
коэффиценті.
Бағамдық айырмашылық – қортынды есепте шет елдік валюта бірлігінің
белгілі бір санын есеп беру валютасында басқа валюталық бағам бойынша
көрсету нәтижесінде туындайтын айырмашылық .
Ақырғы бағам –
сол есепті мерзімдегі ағымдағы валюталық бағам.
Шетелдік компанияға салынған таза инвестициялар- шетелдік
компанияның таза активтеріндегі есеп беруші компанияның үлесі.
Ақша баптары –
алынуға немесе төленуге тиісті ақша, активтер және
міндеттемелер.
Әділетті құн -
бір-бірімен хабардар, тәуелсіз екі жақтың арасында
активтің айырбасталуы, немесе міндеттеменің жойылуы мүмкін болатын
сома.
Шетелдік валютамен орындалған операциялар алғашқы танылуы кезінде
операция орындалған мерзімдегі бағам бойынша есепке алынуға тиісті.