Өзіндік жұмыстарды орындау үшін берілген тапсырма 1.
Қарыздық бағалы қағаздарға салынған инвестициялар бойынша
төмендегі мәліметтердің негізінде тиісті тапсырмаларды орындаңыз.
«Ғалым» компаниясы 2011 жылдың 1 қаңтарында «Арман»
корпорациясының номиналдық құны 200 000 теңге тұратын 8%- дық
облигацияларын 175158 теңге төлеп сатып алды. Облигациялардың жойылу
жылғы 1 қаңтар. Облигациялар бойынша пайыз (сый ақы) жылына 2 рет 1
шілдеде және 1 қаңтарда төленуге тиісті. Нарықтық пайыздық ставка - 12%.
Тапсырма:
А) 2011 жылдың 1 қаңтарында «Арман» корпорациясының
облигацияларына салынған инвестиция сомасын «Ғалым» компаниясының
бухгалтерлік есебінде көрсетіңіз;
Ә) тиімді пайыздық әдісті пайдаланып облигациялар бойынша жеңілдік
(үстеме) сомасын амортизациялауды және оның пайыздық пайдаға тигізетін
әсерін әрбір кезең сайын көрсетіңіз;
Б) 2011 жылғы 1 шілдеде (бірінші жарты жылдықта) алынған пайыздың
сомасын «Ғалым» компаниясының бухгалтерлік есебінде көрсетіңіз.
2.
Сатуға арналған қолда бар үлестік бағалы қағаздарға салынған
инвестицияларды бағалау бойынша төмендегі мәліметтердің негізінде тиісті
тапсырмаларды орындаңыз. Тапсырманы орындау үшін берілген мәліметтер:
2011жылғы 1 қыркүйекте Арай компаниясы 70000 теңгеге акциялар сатып
алды. Сол жылы 1 желтоқсанда қор биржасында акциялардың құны 73000
теңге болды.
Тапсырма:
Инвестордың бухгалтерлік есебінде инвестициялардың (акциялардың)
сатып алынуын және олардың баланста әділетті құны бойынша есепке
алынуын көрсетіңіз.