Бөлек Қозы Шәкуүлы Ырғыз ауданы Б. Алманов атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі



Дата25.08.2017
өлшемі360,87 Kb.
#25925
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ НЕГІЗІ.

Бөлек Қозы Шәкуүлы

Ырғыз ауданы

Б. Алманов атындағы орта

мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

Әлемдік білім деңгейінің басты өлшемі интеллектуалдық әлеует және сапа. Интеллектуалдық әлеует – адами құндылықтар негізінде жүзеге асады.қазіргі зерттеуші ғалымдар еңбектеріне сүйенсек, оларға жататындар: көтеріңкі көңіл күй;академиялық еркіндік;сөз еркіндігі, ойын айту, әртүрлі өзгерістерге төзе алу, ашықтық және тазалық, жауапкершілік; қарым - қатынас мәдениеті;жеке адами қасиеттерді құрметтеу; бастаманы қолдау;еңбек тәртібін сақтау; өз ісіне сенімділік;өз ісіне сыни көзқарас; нәтижеге жету үшін талпыныс;

Ал, «сапа» ұғымының мәні кең. Мұның ішінде білім беру сапасына тоқталсақ, күні бүгінге дейін білім сапасын ағымдағы оқу жылының бағалары «жақсы», « өте жақсы» деген ұғымдардың пайыздық көрсеткіштерімен көрсетсек,ендігі сапа - нақты қажеттілікті қанағаттандыратын барлық сипаттамаларының жинақтығын анықтайтын норма деп атайды.(С.Шинков, В. Кальней).Олар «Білім беру сапасы – білім беру үрдісіне қатысушылардың білім беру мекемелері ұсынған, білім беру қызметіне қанағаттану дәрежесі» деп түйіндейді. Қалыптасқан жағдайда сапалық деңгейге жету, соның ішінде «сапаны» әлемдік деңгейге көтеру үшін әуелі педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру қажет. Құзыреттілік, біздің пайымдауымызша, жеке тұлғаның теориялық білімі мен өмірлік тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы және қабілеті. Құзыреттлік теория мен тәжірибенің бірлігі негізінде жетіледі.

Мұғалімнің ақпараттық –коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе « жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі.Бұл процесті іске асырудағы негізгі құрал компьютер болып табылады. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлау стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.компьютерлік оқу құралдарын физика сабақтарында пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өзбетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыртастыратын және дамытатын енгізгі буын. Әрбір оқушы өтілген тақырып бойынша алған білімін тексереді, схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады, түрлі ақпараттық анықтамалар алады, сарамандық және тест тапсырмаларын орындайды, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Нәтижесінде , оқушылардың ойлау қабілеті дамиды. Жаңа ақпаратты қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс –әрекетке дайындау. Ол үшін жаңа ақпараттық технолияларды сабақ беру барысында қолдану. Бұл оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, білімді меңгеруінің тиімділігін жоғарылату үшін қолайлы жағдай тудырады. Компьютерді физика сабақтарында қолдану арқылы біренеше кіріктірілген ашық сабақтар, арнаулы тақырыптық кештер өткізілді. Бұл сабақтар оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырады және оқушының эмоционалды еріктілік қабілеттерін, ішкі мүмкіндіктерін көрсетуіне, материяны терең түсінуіне мүмкіндік береді. Оқушыға мектеп бағдарламасындағы физиканың кез-келген бес негізгі тарауларының бірімен(механика, молекулалық физика, электрлік және магниттік құбылыстар, электромагниттік толқындар және оптика, салыстырмалық теориясы және кванттық физика ) жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл түрде таба алады:

1.Тақырыпты формуласымен бірге түсіндіретін мәтіндерді; 2.Тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбаларды, графиктерді; 3. Физикалық заңдылықтардың дұрыстығына көз жеткіздіру, формулалардың параметрлерін өзгерту арқылы нәтижесін бірден қадағалау;

4. Физика ғылымының дамуына ерекше үлесін қосқан ұлы ғалымдардың өмірі туралы мәліметтер; 5.Тақырып материалдарын меңгеруге арналған тесттік тапсырмалармен жұмыс; 6.Тақырып бойынша есептер шешуге; 7.Бірліктер жүйесі, негізгі физикалық тұрақтылар, физикалық шамалардың сандық мәндерінің кестесіне қатысты анықтамаларды кез –келген мезетте алуға;

8. Мектеп курсындағы математиканың негізгі формулаларының анықтамасы; 9.Физиканың негізгі формулалары жөнінде кеңес; 10.Калькуляторды шақыру мүмкіндігі;

11. Физика курсы бойынша әрбір тарауға күрделілігі жөнінен үш деңгейге бөлінген қорытынды тесттер мен есептер.

Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасына сәйкес бекітілген физика пәнін оқытуда ақпараттық технологиялар жетістігінің бірі – электрондық оқулықтар. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдана білу оқушылардың үйренген білімдерін өз беттерінше қолдана білуге, дүниені аз уақытта танып білуге мүмкіндік береді.

Енді , 9 сыныпта физика пәнінен өткізілген сабағымның жоспарын ұсынамын.


Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Ньютонның екінші заңын түсіндіру. Оқушыларды тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтап бекіту. ә) Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін есеп шығаруға,іс жүзінде қолдана білуге үйрету. б) Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:

1. Сын тұрғысынан ойлау әдісі.

2. Сатылай кешенді талдау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулықтар, компьютер,экран.

Пән аралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Динамика нені зерттейді? 2. Ньютонның бірінші заңын мысал келтіру арқылы тұжырымда. 3. Ньютонның бірінші заңы қандай заң деп аталады? 4. Қозғалыстың салыстырмалылығын түсіндіру.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге арналған технологиялық карта.

1- кезең. Ой қозғау. Сабақтың мақсатын ашу. 1. Күштің түрлері қандай?

Үйкеліс күші Fүйк = µN




күш

Ауырлық күші Fa = mg Серпімділік күші Fсерп = kx

Күштердің әрқайсына оқушылар сипаттама береді.( анықтамасы, формуласы).

2. Сатылай кешенді талдау технологиясы.



КҮШ

Анықтамасы. Күш – дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатын физикалық шама.

Белгіленуі: Ғ

Бірлігі: Н (Ньютон)

Өлшейтін құрал: Динамометр

Қасиеті: үдеу туғызып денелерді қозғалысқа келтіреді.

Бағыты: векторлық шама.

Басқа шамамен байланысы: Fүйк = µN, Fa = mg, Fсерп = kx



Түрлері: Ауырлық күші ,үйкеліс күші, серпімділік күші.

ІІ кезең. Ұғыну.

1. Электрондық оқулықты пайдаланып, жаңа материалды түсіндіру. Fk = ma, a = Fk/m, m = Fk/a. Күш бірлігі 1 Н = 1кг*м/с2 Fk - тең әсерлі күш. Формуладағы m – дене массасы, бірлігі – кг. Енді дене массасына анықтама береміз. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Дене инертілігін сипаттайтын шама- масса.



Дененің массасы – оның инерттілігін, яғни күштің әрекетінен үдеу алу қабілетін сипаттайтын шама. «Күштісің енді сен! » Өтебай Тұрманжанов өлеңінің физикалық мағынасын түсіндіру. / өлең оқылады/ Бұл өлең шумағындағы төрт күштің қосындысы тең әсерлі күшке тең. Fk = F1 +F2 + F3 +F4 Тең әсерлі күштің әрекетінен тасты орнынан қозғады. Тең әсерлі күш дегеніміз не?

ІІІ – кезең. Мағынаны тану. /слайд арқылы есептер шығару/ 10- жаттығу (1) Берілгені: Талдау: Шешуі: а = 0.5 м/с2 ma = Fr - F k Fr = 500 Н +1500 кг * 0,5 м/с2 = 1250 Н

m = 1500кг Fr = F k + ma

Ғк = 500 Н

Табу керек: Ғr = ?

№ 8-15 және № 8-16 есептерді шығару.

Сатылай кешенді талдау технологиясы.



Масса

Анықтамасы: Дененің массасының инерттілігін, яғни күштің әрекетінен үдеу алу қабілетін сипаттайтын шама.



Белгіленуі: m

Бірлігі: кг

Өлшейтін құрал: таразы

Қасиеті: дененің инерттілігін сипаттайды.

Бағыты: скаляр шама

Басқа шамамен байланысы: m = Fk/a. m = Fk/g.

ІУ. Түйсіну. (Жаңа сабақты бекіту)

« Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір. Физикалық мағынасы: білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен, біліммен ғана жеңу керек дегенді білдіреді.

1. Жұмбақ шешу. Өзі затты құрайды, теңгеруге таразыны сұрайды. (масса)

Қозғалысқа келтіріп, жылдамдығын береді, Өлшемдерін қарасаң Ньютонға ол келеді (күш)



2. Бинго ойынын ойнау.

В004



















1.Автомобиль радиусы 100 м айналма жолмен сағатына 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.Автомобильдің центрге тартқыш үдеуін табыңдар. 2. Үдеуді өлшейтін құрал.

3. F = ….a. 4. Жылдамдық қандай шама? 5. Күштің бірлігі. 6. Серпімділік күші дегеніміз не?



В002



















1.Еңіске қарай 0,8 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатқан велосипедшіге әрекет ететін күшті анықтаңдар. Велосипедшінің велосипедімен қоса есептегендегі массасы 50 кг. 2. A = F/... 3. Күшті өлшейтін құрал. 4. Масса бірлігі. 5. Дененің массасы дегеніміз не? 6. Сүрініп кеткен адам неге алға қарай құлайды?

Үйге тапсырма беру: $ 12. 10- жаттығу (2,3)

Ендеше шәкіртерге терең де сапалы білім беруде жаңа технологияларды меңгеріп, құзертілігін дамытып, өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдану – біздің басты міндетіміз. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр білімді халықтың ғасыры болады....» деп сенім артады. Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Білім беру жүйесін 2010-2015 жылдарға дейін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы. 2. Қазақстан мектебі журналы №11.2010 ж 3. Физика және астрономия журналы



4. Физика және астрономия 9 сынып. «Мектеп» баспасы 2005ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет