Большевиктер,кадеттер



Дата07.02.2022
өлшемі21,67 Kb.
#89530
Байланысты:
Кемалова Қазына Сөж кесте әлеуметтік революционерлер





Большевиктер,кадеттер

Большевиктер марксистік Ресей социал-демократиялық еңбек партиясының фракциясы болды. Шын мәнінде, Ленинді жақтаушылар немесе жақтаушылар большевиктер деп аталды. 1917 жылғы Ресей революциясының Қазан төңкерісі кезеңінде большевиктер билікке келді. Шындығында, большевиктер Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасын құрды деп айтуға болады.

Уақыт өте келе, 1922 жылы Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы Кеңес Одағының негізгі құрылтайшысы болды.


Екінші жағынан, большевиктер негізінен демократиялық орталықшылдық принципімен басқарылатын демократиялық ішкі иерархияға енетін жұмысшылардан тұрды. Ленин іс жүзінде большевиктер өздерін Ресейдің революциялық жұмысшы табының чемпиондары деп санады.



Кадеттер – Коституциялық-демократиялық партия (КДП) мүшелері. Партия «Азаттық одаққа» мүше либералды зиялы қауым өкілдерінің тобынан бастау алады. Бұл «Азаттық одаққа» 1902 жылы патшалық билікке қарсы конституциялық жүйе енгізу мақсатында құрылған және көбіне земство қызметкерлерінен тұратын. 1904 – 1905 жылдары қозғалыс земстволық және қалалық қызметкерлер съездерінде кеңейтіліп, 1905 жылы 12 – 18 қазан күндері құрылтай съезде партия болып құрылды. Кадеттер 1917 жылы Ақпан төңкерісінде монархияны сақтап қалуға күш салса, көп ұзамай сол жылы болған Қазан төңкерісі кезінде республикалық жүйені жақтады.

Большевиктердің Ресей тарихына әсері соншалық, олардың тәжірибелері көбінесе большевизм деп аталатын. Большевизмнің тәжірибешісі көбінесе большевистік атпен аталатын. Большевизм деген ұғымды алғаш қолданған Леон Троцкий большевизмді ұстанатын және сенетін адамды көрсету үшін қолданған. Леон Троцкий Ресейдегі нағыз ленинизмнің не екенін көрді деп есептеледі. Большевиктер меньшевиктер сияқты оппозицияны қатты қолдады.

Кадеттер 1917 жылы Ақпан төңкерісінде монархияны сақтап қалуға күш салса, көп ұзамай сол жылы болған Қазан төңкерісі кезінде республикалық жүйені жақтады. 1917 жылы жазда кадеттер әскери диктатураны қолдап, Л.Г. Корниловтың әскери төңкерісін ұйымдастыруға көмектескен еді.

Төңкеріс сәтсіздікпен аяқталғаннан кейін олар Уақытша үкімет құрамынан шығарылды. Қазан төңкерісінен соң Кеңестер билігіне қарсы күрес бастаған, сол үшін Кеңестер билігі оларды «халық жауы» деп жариялап, қуғанға ұшыратты. Ресейде кадеттер ақтар үкіметінің негізін құрады. Партия XX ғасырдың 20-жылдарында эмиграцияда жүріп басты рөлді атқарды.

Әлеуметтік революционерлер

Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардыңағымдардыңтұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді.

Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.

Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С. Торайғыров, Ғұмар Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді.

Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси оқиғаларға тікелей араласуы, орыс демократиясының ыкпалында болуы оның қоғамдық көзқарасының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей коймады.

Алаш

«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданыпсъезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.

XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б.

Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды.

Үш жүз

Үш жүз» партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды.

Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, «Үш жүз» саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады

Біріншісі-1917 жылғы қараша мен желтоқсан айын қамтитын ұйымдастыру кезеңі, Қазанның азаттық идеяларының ықпалы арқылы ұсақ-буржуазиялық революциялық-демократиялық ұйым ретінде пайда болды және қалыптасты. Осы кезеңде оның төрағасы М. Әйтпенов болды. Ол түркі-татар халықтарының мүдделерін қорғауды ұсынды. Тарих ғылымдарының докторы В. Григорьевтің мәліметінше, партия саны шамамен 1000 адам болған



1917 жылы өз гәзетінде «Үш жүз» «Алаш» партиясы туралы былай деп жазады:«Орыстардың бәрі - «сары», «сарылардың» бәрі - орыс. «Алаш» орыстарды ағасы қылғысы келеді. Егер алдыға сақалы бар мәңгі тақыр еркекті, ал артқа тек қана жұмсақ орындыққа отырып үйреніп қалған қазақты қойсақ, бұрынғы қышыманы қатерлі шиқан қыламыз. Қазақ Ғаламның Жаратушысы Құдайды танып білді. Тек қана қазақ». Бұл сөздерінде Үш жүз Алаш партиясының орыстарға жақындығын сынайды

Құрылтайға 200-ге жуық кісі қатысты. Мәжілісте партия көшбасшысы Көлбай Төгісов сөз сөйлеп, алашордалықтарды контрреволюциялық әрекетте кінәләп, олармен күресуге кірісті. Алаш болса, «Қазақ» гәзеті «Қырғыздар ішіндегі Большевиктер» атты мақаласында оларды партияның жаулары деп атайды.

Шуро-и-Исламия

Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.
Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайындамұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды.

Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады

Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді

Түркістан өлкесі мұсылмандарының іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында олардың арасында ағартушылық жұмысын жүргізе түсу керек деп санаған “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ ” ұйымының 15 адамнан тұратын басқармасы болды. Оның құрамына Абувахид Қари, Мүнауар Қари, К.Бобоходжаев, У.Ходжаев, К.Төгісов, т.б. қайраткерлер енді.

Бүкілресейлік мұсылман съезінің өткізіліп, онда Бүкілресейлік мұсылман кеңесінің құрылуына “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ.” қолдаушылық танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесімен тығыз байланыста болып, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қызу әзірлік жұмыстарын жүргізді

Шуро-и-Улемия

Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған.

Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады.

Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі “Шуро-и-Улема” ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара-жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады.

Шуро-и-Улема” ұйымының Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесінің шешімдеріне мойынұсынбауына және “Шуро-и-исламия” ұйымымен қатынасының шиеленісуіне байланысты туындады. Ташкент қаласының думасы сайлауы кезінде “Шуро-и-Улема” “Шуро-и-Исламия” ұйымының басты бәсекелесіне айналып, жеңіп шықты.

Шуро-и-Улема” 1917 жылы 25 қарашада құрылған Түркістан автономиясына да қолдау таныта қоймады. Керісінше кеңес өкіметімен ымыраға келу мақсатында 1918 жылы 17 қаңтарда өлкелік халық комиссарлар кеңесіне “Орыс социалистеріне” атты мәлімдеме жолдады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет