Электролиттер мен бейэлектролиттер.
№1 көрсетілім «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы»
(1-сабақ)
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
9.4.1.1 -электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
9.4.1.2 -заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Электролиттер мен бейэлектролиттерді анықтайды.
Электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін біледі.
Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясын анықтайды.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
5 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Мұғаліммен амандасады. Оқушылар бір-біріне химиялық тілде жақсы тілектер білдіреді.
Әріптер арқылы топқа біріктіру. (А,Б,С,Д,) әріптерді кезекпен айтқызу арқылы топқа бөлу.
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1. Электролиттер дегеніміз?
2.Бейэлектролиттер дегеніміз?
Оқушылардың білімін актуализациялау кезеңі. Активити. Оқушылар 1-қосымша кестеде берілген заттардың химиялық химиялық байланыс түрі мен электр өткізгіштігін болжайды.
Іс-әрекет түрі: жұппен жұмыс
Бағалау: өзара бағалау
Көрсетілім. Электрөткізгіштікті сынау құралы арқылы берілген заттарды тексеруге эксперимент жасау.
Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс
Бағалау түрі: мұғалімнің кері байланысы
Оқушылар 1-қосымша кестесіндегі тәжірибелік мәліметтерді толтыруы керек.
Мұғалім электр тогын өткізетін заттар-электролиттер, өткізбейтіндері-бейэлектролиттер деп аталатынын таныстырады. Осы тұста тәжірибе қорытындысы бойынша диссоциация ұғымына анықтама беріледі.
Ой қозғау: неліктен кейбір заттар үшін лампа әлсіз жанды?
Осы тұста диссоциациялау дәрежесі,күшті және элсіз электролиттер ұғымдарын ендіру.