Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл»әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
(Ұ) «Конверт - сұрақ»әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сыныпқа төмендегі сұрақтар конвертте беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Ақпараттың ұсыну түріне қарай қалай бөлінеді? Есіңе түсір (1-сурет).
Программалау тілінің командаларымен 1-суреттегі ақпарат түрлерінің қайсысын өңдеуге болады?
Математикада сандар осіндегі сандарды қандай түрлерге ажыратады (2-сурет).
Айнымалы қабылдайтын мәдердің типі дегенді қалай түсінесің? (3-сурет)
рython тілінде айнымалылар қабылдайтын деректерді қандай түрлерге жіктеуге болады?