Оқу мақсаттары
|
7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату
7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану
7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
7.2.4.1 - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру
7.2.4.5 - тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
|
Тапсырма 1
Кестеде мысалға келтірілген дене қандай энергияға ие болатынын анықтаңыз және сәйкес бағанға « » белгісін қойыңыз.
Дене
|
Жер бетімен салыстырғанда дененің потенциалдық энергиясы
|
Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы
|
Дененің кинетикалық энергиясы
|
Сығылған серіппе
|
|
|
|
Жерде домалап бара жатқан доп
|
|
|
|
Ауада ұшып жүрген диск
|
|
|
|
Жел әсерінен иіліп тұрған ағаш бұтағы
|
|
|
|
Гүлге қонып тұрған көбелек
|
|
|
|
Аспанда ұшып жүрген тырна
|
|
|
|
[3]
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білімалушы
|
механикалық энергияның түрлерін ажыратады
|
Дененің кинетикалық энергияға ие болу шартын біледі
|
1
|
Дененің ауырлық күшінің әсерінен потенциалдық энергияға ие болу шартын біледі
|
1
|
Дененің серпімділік күшінің әсерінен потенциалдық энергияға ие болу шартын біледі
|
1
|
Тапсырма 2
Массасы 0,02 кг тас жер бетінен 6 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суреттегідей, максимал көтерілу биіктігі 3 м-ге тең. Ауа кедергісі ескерілмейді және g= 9,8 Н/кг.
a) А, В нүктелеріндегі тас қандай энергияға ие болатынын анықтап, кестені толтырыңыз.
Траектория нүктесі
|
А
|
В
|
Биіктік h, м
|
0
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
[5]
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білімалушы
|
7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын қолданып, есеп шығарады
|
Кинетикалық энергияның формуласын біледі
|
1
|
Кинетикалық энергияның формуласын есеп шығаруда қолданады
|
1
|
7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының формуласын қолданып, есеп шығарады
|
Потенциалдық энергияның формуласын біледі
|
1
|
Потенциалдық энергияның формуласын есеп шығаруда қолданады
|
1
|
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
|
механикалық энергияның сақталу заңын біледі, есептер шығаруда қолданады
|
1
|
Тапсырма 3
Иіндіктің екі жағына сәйкесінше 20 Н және 120 Н күштер әрекет етеді. Иіндік тепе-теңдікте тұр. Егер тірек нүктесінен үлкен күшке дейінгі қашықтық 2 см болса, иіндіктің ұзындығын табыңыз.
[4]
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білімалушы
|
иіндіктің тепе-теңдік шарттарын қолданып, есеп шығарады
|
Шамаларды ХБЖ – да өрнектейді
|
1
|
Иіндіктің тепе – теңдік шарттарын біледі
|
1
|
Иіндіктің тепе – теңдік шартын қолданып, иіндіктің кіші иінін есептейді.
|
1
|
Екі күш иіні арқылы иіндіктің жалпы ұзындығын есептейді
|
1
|
Тапсырма 4
Тұжырымдамалардың шындық немесе жалған екенін анықтаңыз
тұжырымдама
|
шындық/жалған
|
Жай механизмдерді пайдаланып, күштен неше ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз
|
|
Жылжымайтын блок күштен екі есе ұтыс береді
|
|
Жылжымалы блок күштен екі есе ұтыс береді
|
|
Күш моментінің өлшем бірлігі [Н/м]
|
|
Жай механизмдерді пайдаланып, күштен неше ұтсақ, жолдан да сонша есе ұтамыз
|
|
[3]
Жалпы: [15]
|