Сабақтың тақырыбы Кинетикалық энергия Потенциалдық энергия Осы сабақта қол жеткізілген



бет1/2
Дата06.02.2020
өлшемі157,13 Kb.
#57338
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
кинет потен эн


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Энергия

Мектеп: №101 мектеп – лицей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупбекова Лаззат Сапиуллаевна

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кинетикалық энергия

Потенциалдық энергия



Осы сабақта қол жеткізілген

оқу мақсаттары

7.2.3.2 – механикалық энергияның екі түрін ажырату;

7.2.3.3 – кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Энергия ұғымын біле отырып, механикалық энергияның екі түрін ажыратады, формуласын, өлшем бірлігін біледі, есептер шығарады

Оқушылардың басым бөлігі: Кинетикалықэнергияның формуласын түрлендіріп, есептер шығарады

Кейбір оқушылар:Күрделілігі жоғары есептер шығарады, өмірде кездесетін энергия түрлерін саралайды

Бағалау критерийі

Механикалық энергия, энергия түрлерін ажыратады

Кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолданады



Тілдік мақсат

Оқушылар: оқулықпен жұмыс жасайды, тәжірибе жасайды, есептер шығарады, талқылайды, талдайды, саралайды.

Арнайы пән лексикасы мен терминологиясы:Механикалық энергия, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, джоуль

Сыныптағы диалог/Жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1.Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?

2. Жұмыс пен энергияның өзара байланысына қандай мысалдар келтіруге болады?

3.Кинетикалық және потенциалдық энергия деп қандай энергияны айтады?

4 Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ма?


Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу: өмірде және табиғатта кездесетін энергияларды ажыратып,талдауға дағдыланады

Ұлттық қауіпсіздік: Адам өмірінде энергияның маңызын түсіну арқылы сыни ойлауға дағдыланады

Пәнаралық байланыс

Математика, биология, география, химия

Алдынғы оқу

Оқушылар масса, жылдамдық, биіктік ұғымдарын біледі

Математика бастауыш сынып



Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы

2 мин


1 мин



І. Ұйымдастыру

W.Оқушылардың зейінін шоғырландыра отырып, жаңа сабаққа бағыт беру үшін «Стоп кадр» әдісі қолданылады. Онда интербелсенді тақта арқылы энергия түрлеріне байланысты көптеген сурет бір мезгілде көрсетіліп, сөндіріледі. Оқушылар ойларын жинақтап не көргендерін айтады. Мұғалім оқушыларға «Осы көрген суреттердің бәріне ортақ қандай ұғым бар?» деп сұрақ қояды. Егер оқушылар айта алмаса интербелсенді тақта арқылы суреттер арасынан «энергия » сөзі шығады
Мұғалім осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарымен таныстырады.

Топтастыру

Интербелсенді тақта арқылы үш ұяшық беріледі. Ол ұяшықтарда

«Баяндау», «Тәжірибе», «Есептеу» сөздері көрсетіледі. Жаңа сабақты ашу үшін оқушылар өз қалаулары бойынша топтасады.


Физика 7 сынып

Алматы: «Мектеп» баспасы


Интербелсенді тақта

Бағалау критерий



Ортасы
20 мин

2 мин

4 мин

10 мин

3 мин


G.Оқушылар топтаса отырып жаңа сабақты меңгеру үшін оқулықпен жұмыс жасайды.

G,I. І топ. энергия ұғымы, кинетикалық және потенциалдық энергия түрлері мен таныстырады.

G.E.ІІ топ. Кинетикалық және потенциалдық энергия түрлерін суреттер мен сызбалармен, тәжірибе жасау арқылы түсіндіреді.(Тұрмыста кездесетін энергия түрлеріне байланысты әртүрлі суреттер карточка арқылы беріледі)






G.I.ІІІ топ. Кинетикалық және потенциалдық энергия формуласы мен өлшем бірліктерін анықтай отырып, кинетикалық энергияны есептеуге байланысты берілген есептерді шығарады. (Есеп алдын ала дайындалып карточка арқылы беріледі)




  1. Шегені 3 м/с жылдамдықпен соққан массасы 0,4 кг балғаның кенетикалық энергиясы неге тең?



  1. 220 м/с жылдамдық қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, масссасы неге тең?


G.P.I. Үш топ кезектесіп орындаған жұмыстарымен таныстырады.

Топ «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы бағаланады, жеке оқушылар смайлик арқылы бағаланады.



D.Жаңа сабақты бекіту үшін «TWIG» оқытылатын фильмдер топтамасынан «Энергия» тақырыбына байланысты бейнефильм көрсетіледі.

W.P.I. «Кім жылдам?» әдісі арқылы инербелсенді тақтдан тапсырмалар мен денгейлік есептер беріледі.

  1. Сәйкестендіру «Бұл қай энергияның түріне жатады?» берілген суреттер арқылы сәйкесін табады


1 3 4 5



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет