Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.4A: Энергия
|
Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ
|
Күні: 30.03.2017ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Конурова А. М.
|
Сынып: 7 b
|
Қатысқандар саны: 9
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақ тақырыбы
|
Энергия. Денелердің кинетикалық және потенциалдық энергиялары.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7. 2.3.4 Механикалық энергияның екі түрлерін атау: кинетикалық; потенциалдық;
7.2.3.5. Ek=mυ2/2 кинетикалық энергия формуласын қолдану;
7. 2.3.6 Жер бетіне жақын арақашықтықта потенциалдық энергия үшін Ep=mgh формуласын пайдалану;
|
Сабақ мақсаттары
|
- энергияның физикалық мағынасын бiлу;
- механикалық энергияны бiлу;
- дене қандай жағдайда энергияға ие болатындығын бiлу;
- кинетикалық және потенциалдық энергияларды бiлу;
- кинетикалық және потенциалдық энергияларды есептей бiлу;
|
Бағалау критерийлері
|
Білу: Энергия түрлерінің қандай шамаларға тәуелді екенін және негізгі физикалық шамаларды, терминдерді, ұғымдарды ағылшын тілінде біледі.
Түсіну: «Энергия» ұғымының физикалық мағынасын толық түсінеді.
Қолдану: Дененің кинетикалық және потенциалдық энергиялар формулаларын есептер шығаруда қолдана алады.
Анализ: Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруін сипаттап, талдау жасай алады.
Синтез: механикалық энергия өзгерісін атқарылған жұмыспен салыстырып, жауаптарын дәлелдей алады.
Бағалау: Бағалау парағы арқылы, АКТ арқылы.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруіне мысалдар келтіре отырып түсіндіре алады.
Арнайы пәндік лексика және терминология:
Энергия, потенциалдық энергия, кинетикалық энергия, толық энергия, жұмыс.
Ағылшынша
|
Қазақша
|
Орысша
| Mechanical work |
Механикалық жұмыс
|
Механическая работа
|
Power
|
Қуат
|
Мощность
|
Energy
|
Энергия
|
Энергия
|
Kinetic energy
|
Кинетикалық энергия
|
Кинетическая энергия
|
Potential energy
|
Потенциалдық энергия
|
Потенциальная энергия
|
Total energy
|
Толық энергия
|
Полная энергия
|
Force
|
Күш
|
Сила
|
|
|
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
… жағдайда энергияның жоғалатынын (мен білдім).
Осы сызба/кесте/график… көрсетеді.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Осы сабақта балалардың бойына энергия және оның түрлері, сипаттайтын негізгі физикалық шамалары туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Аталған терминдерді күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, жауапкершілікті, пәнге деген қызығушылықты арттыру. Топта жұмыс істей білу, академиялық әділдік, сынды құрметпен қабылдап, басқалардың жұмысын сынай білу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Есептеулер жүргізу кезінде оқушылардың математикалық дағдыларына назар аудару. Интернет ресурстары, электрондық оқулықпен жұмыс кезінде АКТ қолдану.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Деректерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ (ноутбуктер, веб-сайттар, электронды оқулық) қолдану.
Интернет ресурстарымен жұмыс. Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы тапсырмалар орындай отырып, жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну дағдыларын дамыта алады.
|
Бастапқы білім
|
Механикалық жұмыс және қуат.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1 минут
3 минут
1 минут
|
Сабақ басында:
- топқа бөлу. (АКТ арқылы 3 топқа бөлу)
- оқушылардың зейінін шоғырландыруға
Қызығушылықты ояту: «Learning Apps» бағдарламасы арқылы құрастырылған интерактивті жаттығу.
Мақсаты: Тілдік мақсаттарды жүзеге асыру үшін физикалық терминдерді, негізгі ұғымдарды ағылшын тілінде білу.
Барысы: Өтілген физикалық шамаларды 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) «Learning Apps» бағдарламасы көмегімен құрастырылған интерактивті жаттығуды орындайды. Сәйкестікті табады.
Мұғалім іс-әрекеті: http://www.classtools.net/education-games-php/fruit_machine ресурсы арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. «Learning Apps» бағдарламасы көмегімен құрастырылған жаттығуды түсіндіру. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алады.
Оқушы іс-әрекеті: топ бойынша жаттығудан сәйкестікті дұрыс табу.
Бағалау: Топ мүшелері сәйкестіктің нешеуін дұрыс тапқандықтарын санап, топтар бірін-бірі бағалайды.
|
http://www.classtools.net/education-games-php/fruit_machine
http://learningapps.org/display?v=pmbcpqpu216
|
Сабақтың ортасы
3 минут
7 минут
3 минут
10 минут
7 минут
|
Мақсаты: «Энергия» туралы оқушылардың алдын-ала не білетінін анықтау.
Барысы: білемін, білгім келеді, үйрендім кестесінің бірінші бағанын толтыру.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға ББҮ кестесін үйлестіріп тек 1, 2 бағандары толтыру сұралады.
Оқушы іс-әрекеті: Энергия жөнінде не білетінін толтырады.
Бағалау: Әр оқушы не жазғанын ортаға салып, оқиды. Кімде білетін ақпарат өте көп екенін және оны әрі жетілдіріп білгісі келетінін мұғалім ескереді.
1 топ. Суреттермен жұмыс. (Энергия түрлерін суреттегі мысалдар арқылы сәйкестендіру)
2 топ. Пазлдармен жұмыс. (анықтармаларды топтастыру)
3 топ. «Миллион кімге бұйырады?» ойыны.
|
Достарыңызбен бөлісу: |