Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№40технологиялық картасы
(2 сәбилер тобы)
Апта күні _______________________________________
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Менің көңілді добым.
Мақсаты: Белгі бойынша тоқтай білуге жаттықтыру. Допты астынан екі қолмен алға еркін лақтыруды үйрету. Көтеріңкі кеңістікте тепе-теңдік сақтап жүруді бекіту. Музыкаға сәйкес адымдап, аяқты жоғары көтере, қолды еркін ұстап жүру дағдыларын дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі түсті доптар (диаметрі 20-25 см), гимнастикалық орындық, ойыншықтар.
Оқу қызметінің түрлері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивация- қозғаушы
|
Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:
«Менің көңілді добым». Музыкаға сәйкес адымдап, аяқты жоғары көтере, қолды еркін ұстап жүру (педагог балалардың арасында жүріп, қолымен музыкаға сәйкес қимыл жасап, «доптармен» ойнаған сынай көрсетеді). Бір аяқпен еденді тарсылдата, шоқырақтап, екі аяқпен секіре жүру. Сап-тізбекте бірінің артынан бірі белгі бойынша тоқтап, арақашықтықты сақтап, бір-біріне соқтығыспай, бытырап( доптар жан жаққа бытырап кетті), шоқырақтап, секіре жүгіру. Белгі бойынша тоқтау. Балалардың өкшемен қатты тарсылдатпай, жеңіл секіруін қадағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |