Іздену- ұйымдастыру
|
Жалпы дамыту жаттығулары
1. «Балықтар қайда?». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төменде. «Балық, балық» қолды артқа тығу. «Балықтар, сендер қайдасындар?» - балықпен қолды алға созу «Міне балықтар».
2. «Балықты шетке». Б.қ.:аяқ алшақ, балықпен қол артта. Оңға бұрылу, «оңға» деу, түзелу, бастапқы қалыпқа оралу; солға бұрылу « солға» деу, түзелу, бастапқы қалыпқа оралу; аяқты жылжытпай, бұрылған жаққа қарау.
3. «Балықтар кездесті». Б.қ.: қолды шетке созып, еденге отыру. Аяқты бүгу, балықтарды тізеге қойып: «балықтар кездесті», «балықтар сәлемдесті» деу. «Балықтар жан-жаққа қашты» деу; бастапқы қалыпқа оралу.
4. «Балықтар жүзіп жүр». Б.қ.: аяқ алшақ, қол кеуде тұсында. Алға еңкейіп, алақанды бірге ұстап, қолды алға созып, толқын тәрізді қимыл жасап, «балықтар жүзіп барады, жүзіп барады» деу; бастапқы қалыпқа оралу. Аяқты бұкпей, тік ұстау.
5. «Балықтар ойнақтап жүр». Б.қ.,: аяқ сәл алшақ, қол төменде. «Көңілді балықтар». Жеңіл секіру, балықтарды сілкеу, еркін қимылдар орындау. Еркін дем алу.
6. «Балықтарды қуып жетейік» балықтармен қолды алға соза, шеңбер бойымен жүгіру. «Балықтарды қуып жетейік» деу. 20 секунд. Баяу жүгіру: «Балықтар шаршады. Балықтар тыныс алуға кетті» деп балықтарды аквариумға салады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |