Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№58технологиялық картасы
(2 сәбилер тобы)
Апта күні _______________________________________
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Жайлауға саяхат.
Мақсаты: аяқты алға созып, аяқтың ұшына, өшеге қоя жүруге жаттықтыру. Баяу қарқында жүгіру (40 секунд). Шектелген алаң бойы тепе-теңдік сақтап, тура алға қарап, денені түзу ұстап жүруге; орында тұрып қосарланып қос аяқпен жеңіл секіруге және қимылды жұбымен келісе орындауға баулу . допты алға қарай домалатып, доптың соңынан еңбектеуге үйрету. Сапқа тұру, көрнекі бағыт бойынша шеңбер құру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: жұмсақ ойыншықтар: қозы,т.б жануарлар, бұрамалы күшік, бұлақ макеті, кірпіштер тастар, асықтармен дорба, әр балаға 2 түсті асық(қызыл,жасыл), үнтаспа –судың ағысы, жануарлардың дыбыстары, көлбе тақтай, доптар.
Достарыңызбен бөлісу: |