Іздену- ұйымдастыру
|
Жалпы дамыту жаттығулары
1. Өздігінен уқалау: «Қолымызды жылытайық». Қолды алға созып, алақанды жоғары –төмен аудару; алақанды ысқылау, алақанға үрлеу және «ыстық» деу.
2. «Допқа қара». Б.қ.:аяқ иық деңгейінде, қол доппен желке тұсында. О: допты бастан жоғары көтеру, допқа қарау, бастапқы қалыпқа оралу(басты түсірмей, түзу ұстау).
3. «Допты қой, ал». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, қол доппен кеуде тұсында. Алға еңкею, допты еденге қою. Бастапқы қалыпқа оралу. Алға еңкею, допты еденнен алу, бастапқы қалыпқа оралу.
4. «Допты жоғары». Өкшеде отыру, доп қолда. О: тізеге тұру, допты жоғары көтеру; бастапқы қалыпқа оралу
5. «Тізеге тигіз». Б.қ.: шалқадан жату, қол доппен бастан жоғары созулы. О: аяқты тізеден бүгіп, допты тізеге тигізу; бастапқы қалыпқа оралу.
6.Жаңа жыл: Балалар, сенде менің қонақтарымсыңдар, сондықтан мен сендермен ойын ойнағым келеді.
Балалар «қар» болып, бір жерге жиналып отырады. Жаңа жыл қарларды үрлейді, «қарлар» бытырап қашады, Жаңа жыл оларды ұстап алуға тырысады. Музыка аяқталған кезде, балалар Жаңа жылдың қасына жиналып, ойын қайта жалғасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |