Бөлім: Дене шынықтыру Топ: Ортаңғы топ Тақырыбы



Дата20.07.2020
өлшемі15,5 Kb.
#63452

№63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

дене шынықтыру нұсқаушысы: Хайролдина Ақбаян Жарылхановна



Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Дене шынықтыру

Топ: Ортаңғы топ

Тақырыбы: «Қош келдің көңілді қыс»

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қыстың ерекшіліктерімен қызықтыра білу. Балаларды ойын арқылы жан- жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік сияқты қимыл- қозғалыстарын артттыру.

Көрнекіліктер: шығыршық,түрлі түсті шарлар, жалаушалар, әр балаға берілетін доп.

Мотивациялық-қозғаушылық

Балабақша айналасында серуендету. «Қош келдің көңілді қыс» тақырыбында әңгіме өткізу.

Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)

Қыстың неше айы бар? ( Үш айы бар)

Қандай айлары бар? (Қаңтар, Ақпан, Желтоқсан)

Жарайсындар! Балалар.

Біз орманға барамыз.

Орманға апаратын соқпақ жол тар, сондықтан біріміздің артымызға біріміз тұрып, бір тізбекпен жүреміз.

Мен « қарлы боран» дегенде сендер «у»- «у»- «у» дейсіңдер де әрі қарай жүре бересіңдер.

Біз алаңқайға шықтық.

Тоңып кеттік. \

Кәне, бәріміз дөңгелене тұрып, жылыну үшін жаттығулар жасайық.



Ұйымдастыру кезеңі

ЖДЖ:.


а) «Жылынып жатырмыз» жаттығуы: екі аяқты сәл алшақтау қойып, қолды екі жаққа созу. Қолды шынтақтан бүгіп, бір уақытта оң қолмен сол иықты, сол қолмен оң иықты құшақтап: «Ох» деп айту. Қолды екі жаққа созу 2-3 қайталаудан кейін қолды төмен түсіру.

ә) «Қарлы боран» жаттығуы.аяқты иық деңгейде қойып, қолды артта ұстап тұру. Төмен иліп, қолды сол өкшеге тигізу. Жаттығуды орындау барысында «У»- «у» -«у» деген дыбыс шығару.

Жүру: баяу жүру, жүгірумен алмастыру.

Балалар, үш топқа бөлінеді.

1.Ойын: «Шығыршықпен жүгіру» Шарты: әр топтан екі баладан шығып, бірінші бала шығыршықтын ішінде, екінші бала сыртында тұрады.белгіленген орынға дейін жүгіріп келіп ары қарай жалғастырады.

2.Ойын: «Шанамен жарысу» Шарты: әр бөлінген жерде үш бірдей кегли тұрады. Балалар бір –бірін шанамен сүйреп әкеледі.

3. Ойын: «Жалаушаны тез жеткіз!» Шарты: әр топтағы балалар жүгіріп жалаушаны тез бір- біріне жеткізеді.

Балалар шеңберге тұрып музыка ырғағымен билейді.

4. Ойын: «Аққала жасау» балалар қардан аққала жасайды.

Рефлексиялық –түзетушілік

Балаларға оқу-іс әрекетінде қол жеткізген жетістіктерін айтып, оларға алғыс білдіреді.



Орындайды: далада орындалатын жаттығу түрлерін.

Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шаттарын.;

Қолданады: шанамен сырғанау, қарды жұмарлап лақтыру дағдыларын

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет