Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет95/99
Дата04.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#189303
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ

ҚАБІЛЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ


Адамның қабілетінің жалпы сипаттамасы. Қабілет туралы ұғым. Б.М.Теплов бойынша қабілетті анықтау. Оқытудың табыстылығы мен қабілетінің сәйкестігі. Адамның қабілеті мен дамуы. Қабілеттің жіктелуі. Жалпы қабілеттің сипаттамасы. Теориялық және тәжірибелік қабілеттер.
Қабілетті дамыту дейгейлері және дербес ерекшеліктері. Қабілетті дамыту деңгейлерінің негізгі жіктелімі. Туа біткен талаптылық пен генотип. Бейімділікті әлеуметтік шарттастырылған үрдісте дамыту. Потенциалды және актуалды қабілеттер. Жалпы және арнайы қабілеттердің сәйкестігі. Дарындылық. К.А. Гельвецияның қабілет тұжырымдамасы. Шеберлік және талант. Данышпандық.
Адами қабілеттің жаратылысы. Қабілеттің алғашқы теориясы. Френология. Ф.Галлей және Ф. Гальтонның қабілет тұжырымдамасы. Қабілетті зерттеудегі Егіздер әдістемесі. Қабілетті дамытудағы тәрбиелеу ерекшелігінің маңызы. К.А.Гельвецияның қабілет тұжырымдамасы. Адам қабілетінің биоәлеуемттік жаратылысы.
Қабілетті дамыту. Қабілетті дамытудың негізгі кезеңдері. Қабілетті қалыптастырудағы ойынның маңызы. Қабілетті дамыту және жанұялық тәрбиедегі өзгешеліктер. Қабілетті дамыту және макроортаның шарттары. Үгіт-насихаттың мәселелері. Е.А.Климов бойынша мамандықты жіктеу және кәсіби жарамдылықты жіктеу.
§ 1. Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы
Біз жеке немесе жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың неге әр түрлі табыстарға қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз, адамдар табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына тоқталамыз. Бұл ұғым біреулердің дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам қабылдап алуының немесе басқалардың ұзақ, тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген кезде пайдаланады. Қабілет дегеніміз не?
Тәжірибеде “қабілетң сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда, “қабілет” термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады. Бірінші жағдайда қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл “қабілет” терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі. Екіншіден қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVІІІ-XІX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және де қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі. Үшінші бұл – біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген .
Отандық психологияда қабілетті тәжірибелік зерттеу көбінесе соңғы ықпал негізінде құрылуда. Оның дамуына елеулі үлес қосқан отандық белгілі ғалым Б.М.Теплов. Ол “қабілеттің” төмендегідей негізгі үш түрін бөліп көрсетті.
Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешеленетін дербес-психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді.
Екіншіден, қабілет деп қандайда бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды.
Үшіншіден, “қабілет” түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған дағдылармен немесе іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді.
Қабілеттің онтогенезде даму мәселесі бойынша профессор С.М. Джакупов өзінің еңбектерінде көрсетеді: Қабілеттердің нышандар негізінде қалыптасуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Іс- әрекет барысында нышан қабілетке айналады дегентұжырымның өзі де әлі дәлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс- әрекетте қандай орын алатынын көрсету керек.
Қабілеттің генезис мәселесінің мәні , оны тек шешу арқылы қабілеттің даму механизмін түсіну нәтижесінде олардың мақсатты қалыптасуы мен диагностикасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде көрінеді.Ол адамды жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғатын құрайды деген.Бірақ адам табиғаты – тарихи өнім болып табылады. Сондықтан да адам табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде жүреді.( адамның еңбек іс- әрекеті нәтижесінде қалыптасады) Бірақ Рубинштейн осы мәселені нақтылағысы келгенмен, сол мәселенің шешімінен алшақтайды.” Нышандар- қабілеттің алғышарты,- дейді С.Л. Рубинштейн. Қабілет нышандар негізіндн дамымағанмен, кабілет бәрі бір нышанның функциясы болып табылмайды, керісінше нышандар алғышарт негізінде дамудың функциясы болып табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері дамиды, яғни ауысып және өзгеріп отырады.
Ең қызығы көптеген зерттеушілер қолданбалы есептерді шешуде қабілеттер генезисі мәселесін пайдаланбайды. Н.С. Лейтес бойынша: балалық шақта жас ерекшелік дамудың ішкі жағдайлары қабілеттердің қалыптасу факторы болып табылады.лейтес жастық шақта дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді. Оның рольі: бейімділік қабілеттің алдында жүреді және дамудың алдында жүреді және дамудың негізгі факторларының бірі- ми қатысатын процесстерге жағымды эмоциялық күй береді, еңбекқорлықты жоғарлатады, ұйқыдағы күштерді оятады.
Бұл мәселе туралы Крутецский В.А неғұрлым анығырақ: „ Оқушыда математикаға ешқандай қабілеті байқалмаса, онда математиканы меңгеруге еш қабілеттері де көмектесе алмайды. Осындағы бейімділіктің рольі – қызығушылық болып табылады. Математикаға қызыққан оқушы көп ізденеді, оқиды, демен өз қабілеттерін дамытып, жаттықтырады.” Өзіміз көріп отырғандай, қабілеттер генезисі мәселесі мүлдем қарастырылмайды.Өйткені қабілет мұнда бейімділікке тәуелділікте көрсетіледі, ал бейімділік қызығушылыққа негізделеді.
Неліктен зерттеушілер қабілеттердің генезис мәселесінен қашып, оның қалыптасқан түріне көбірек жүгінеді? Онда қажеттіліктің органикалық алғышарты мен нышандар мен қабілеттердің функционалды көріністері арасындағы өтпелілік қайда деген сұрақ туындайды.
Жоғарыда айтылғандай, бұл мәселені шешуде ерекше жетістіктерге жеткен С.Л. Рубинштейн еді, бірақ он нақтылауға тырысқанда шешімнен алшақтағанын көруге болады. Оның осы мәселені шешуге жақындағаны қабілетті еңбек іс- әрекеті нәтижесінде құрылатын және өзгеретін адам табиғаты деп ашуында. Мұнда еңбек іс- әрекетін тарихи тұрғыда, Энгельстің” Маймылдың адам болу процесіндегі еңбектің рольі” деген еңбегін пайдалана, қарастырса, қабілеттің құрылымын оңай көрсетуге болар еді. Бірақ бұл сол уақыттағы материализм мен идеализмнің тартысы, іс- әрекетті „субьект- обьект” тұрғысында қараудың ықпалынан жүзеге асқан жоқ.
Басқаша айтқанда, зерттеуші психикалық функцияның құрылымына, соның ішіндегі қабілеттілікке, индивидуалды іс- әрекет тұрғысынан келеді. Сөз арасында айта кетсек, іс- әрекетті субьект- обьект қатынасында қарастыру тұрғысында ( жоғарыда айтып кеткендей) көптеген психологтар болды. Солай бола тұра Л.С. Выготский психикалық функцияның интерпсихикалық мінезін көрсетті. А.Н. Леонтев бұл жөнінде былай жазды: „ ... адамның сыртқы спецификалық психологиялық процес стер тек адам мен адам арасындағы қарым- қатынасында туады; басқаша айтқанда интерпсихологиялық болып табылады.” Тек одан соң ғана жеке адам өзінің өмір жолын бастайды, соның барысында кейбіреулері бастапқы сыртқы формаларын жояды, яғни интрапсихологиялық процесстерге айналады.
Осылайша, зерттеушілердің қабілет генезисінің мәселесінен алшақтауы кездейсоқ емес, заңды түрде болады.Өйткені бұл мәселені әрекетті зерттеудегі индвидуалды және обьект- субьект тұрғысында қарастыру барысында шешу мүмкін емес.
Қабілеттегі нышанның қайта құрылу механизмін түсіну үшін қабілеттерді біріккен іс-әрекет тұрғысында және субъект – объект қатынасында қарастыру қажет. Мәселені тарихи аспектте қарастырғанда, еңбек іс-әрекетін жүйелейтін қасиеттердің бірі болып табылатыын, оның бірлескен мінездемесін еске түсіру жеткілікті. Бастапқы кезеңде адам іс-әрекетіне потенциалды алғышарт (нышандар комплексі) ретінде тек еңбек іс-әрекетінде өзі мәтіндермен біріксе ғана өзекті алғышарт (қабілеттер комплексі) бола алады. Бұл процестің гипотетикалық нақтылауларын қалдырып, қорытынды жасайтын болсақ - адамның органикалық нышанның алғышартын функционалды активті жүйеге қайта құрылуының шарты- нышандардың бірлескен еңбек іс-әрекетіне енуі болып табылады.
Субъект – объект қатынасында қабілеттің онтогенезі анығырақ түсіндіріледі. Жаңа туған нәресте адамның қарым-қатынас жүйесіне енгенде ғана қабілетке белсендіріліп өзгере алатын, анатомо-физиологиялықтұрғыда нышандар жүйесі мен адамдық потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс жүзінде адам баласы өзінің алғашқы күндерінен – ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-әрекетке енеді. Бұл жағдайда псевдо бірлескен іс-әрекет туралы айтылады. Мұнда қажеттілікте мотивациялық компоненттер болады, ал оны іске асыру ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана белсенділік үлкен адамның позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-әрекеттің индивидуалды іс-әрекетке интериоризациясы өтеді. Осы қабілеттің құрылымы болып табылады. Осыдан мынадай тұжырымға келеміз. Нышанның қабілетке өзгеруінің негізгі шарты олардың бірлескен іс-әрекетке енуі болып табылады. Бірақ бұл ңенуң қалай өтеді? Бұл процестің психологиялық мазмұны қандай?
Қабілеттің концептуалды схемасы былай көрсетілуі мүмкін. Нышандар белсенділіктің басым бөлігі үлкенде болатын псевдо бірлескен іс-әрекетке ене отырып, аклғашқы қабілетке ауысады. Осының қалыптасуы бала дамуындағы үлкен секіріс, яғни индивидуалды іс-әрекетте жасалатын элементарлы акттерді жүзеге асыру мүмкіндіктері туады. Одан кейінгі кезеңде алғашқы қабілет деңгейінде атқарылатын белсенділік үлкен адам мен бала арасында бөліне алатын, алатын бірлескен іс-әрекетке енеді. Мұнда екінші қабілеттер алғашқы қабілеттің синтезі негізінде құрылады да басында осы процеске ендеген қабілеттің нышандарына ауысады. Бұл екіншілік қабілеттің пайда болуын баланың индивидуалды іс-әрекетінде неғұрлым күрделірек актілерде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кейін осы циклдер қайталанады және адамның әлеуметтік позициясының ауысуымен келуі мүмкін. Бастапқы кезеңдерде қабілеттің қалыптасуы мен дамуы осы бірлескен іс-әрекетте партнерға тәелді болса, онда кейінгі кезеңдерде жеке адамдық факторлар мен компенсаторлы қабілеттер негізінде индивидуалды қасиеттер біздің консептуалды схема бойынша санды сапалы нышандардың параметрлерімен анықталады, яғни партнердің мінездемесі (ата-аналардың даму деңгейі, ұстаздардың шеберлігі т.б.) мен бірлескен іс-әрекеттің құрылымдық қасиеттерімен анықталады.
Осылайша, көптеген факторларға тәуелді және мүмкіндік мінездемеге ие болатын нышандар параметрі және бірлескен іс-әрекеттегі партнерлер, қабілеттің құрылуы мен дамуы бірлескен іс-әрекеттің функциясымен және оның мазмұны мен анықталады. Тек жалпы мағыналық фонд пайда болғанда және әр партнердің оны қабылдауында ғана бірлескен іс-әрекеттің құрылуы мүмкін. Демек бірлескен іс-әрекетке нышандардың енуі (кейін алғашқы, екіншілік болатын) жалпы мағыналық фондтың пайда болуымен және оның индивидпен қабылдануы мен жүзеге асуы мүмкін. Бастапқы кезеңде жалпы мағыналық фонд мазмұны бойынша эмоционалды болуы мүмкін, және элементарлы жағдайда оны үлкен мен бала арасындағы эмоционалды контакт деп көрсетуге болады.
Берілген қабілеттің дамуының концептуалды жүйесі мазмұны бойынша танымдық және формасы бойынша бірлескен іс-әрекетті эксперименталды зертеу нәтижесіне негізделген. Бұл жүйенің жоғары эвристикалық және болжамды мүмкіндіктері жайында ойлануға негіз бар. Өйткені ол жүйе қабілеттің генезисі туралы мәселені шешуде және жеке адамның творчествалық потенциалын анықтауда жаңа әдіспен ерекшеленеді.
Жеке адамның творчествалық потенциалының мүмкіндіктері адамның вуздық оқу барысында құрылады және танымдық іс-әрекеттің құрылымның ерекшеліктерімен анықталады деп көрсетеді автор.
Өкінішке орай, күнделікті тәжірибеде “қабілет” және “дағдылар” ұғымы әсіресе педагогикалық тәжірибеде әдеттегі қорытындыға келтіруге жиі теңдестіреді. Бұл тектес классикалық үлгі ретінде соңынан белгілі суретші болып қалған В.И.Суриковтың сурет Академиясына түсудегі сәтсіз әрекеті қызмет етуі мүмкін. Суриковтың қабілеттілігі қаншалықты ерте берілгенімен де, оның сурет салудағы іскерлігі мен дағдылары әлі болмаған. Академиялық педагогтар Суриковтың академияға түсуіне бас тартты. Онымен қоса, академия инспекторы Суриков ұсынған суретті көріп, былай дейді: “Мынадай суреттер үшін сізге академияның жанынан жүруге тыйым салу керек”. Академия оқытушыларының қателігі олар қабілеттіліктің болмауынан іскерлік пен дағдының болмауын ажырата алмауында. Суриков үш айдың ішінде тиісті іскерлікті меңгеріп, нәтижесінде сол педагогтар бұл жолы оны академияға лайықты деп қабылдайды, ол олардың қателіктерін ісімен дәлелдейді.
Қабілет іскерлік және дағды, біліммен сәйкеспейтініне қарамастан, бұл іскерлік пен білімділік ешқандай байланыссыз дегенді білдірмейді. Іскерлік пен дағдыны, білімділдікті жеңіл және тез қабылдап алуы қабілетке байланысты болады. Осы білім мен іскерлікті дер кезінде игеріп алу, қабілеттің ары қарай дамуына ықпал етеді, сонда лайықты білім мен дағдының болмауы қабілетті дамытудың тежеуі болып табылады.
Б.М.Теплов қабілет дамудың үздіксіз үрдісінсіз болуы мүмкін емес деп санаған. Адамдар тәжірибесіндегі қолданыстан шыққан дамымайтын қабілет уақыты келе жоғалып кетеді. Біз өзімізде бар қабілетті жүйелі сабақпен байланысты мынадай күрделі адамзат әрекеттерінің түрлері музыка, техникалық және көркемдік шығармашылық, математика, спорт және т.б. тек қана тұрақты жаттығудың арқасында қолдай және дамыта аламыз.
Кез келген әрекеттің орындалуының табыстылығы қандай да, болмасын әр түрлі қабілетке байланысты болады, және де сол бір нәтижені беретін бұл байланыстыру әр түрлі тәсілдермен қамтамасыз етілген болуы мүмкін. Бірдей қабілеттерді дамытуға қажетті талаптың болмауы олардың тапшылығы басқаларының неғұрлым жоғары дамуының салдарынан толықтырылуы мүмкін. “Адам психикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі қандай да бір қабілеттің салыстырмалы әлсіздігі салдарынан басқаларының бірдей қасиеттері тетенше кеңінен орнын өтеу мүмкіндігі болып табылады, тіпті осы қабілетпен неғұрлым тығыз байланысты әрекетті табысты орындау мүмкіндігі ескерілмейді. Жетілдірілмеген қабілет сол адамның жоғары дамығанын өте кең шекте басқалармен орын толытыруы-деп жазды Б.М.Теплов”. Жалпы алғанда психология ғылымының көптеген мәселелерінің ішінде ең маңызды орынды қабілеттер мәселесі алады. Мүмкін бұл ғылыми зерттеуге қиындық келтіруші мәселенің әрқашан да қызығушылығын жоғалтпауы оның практикалық маңыздылығында болар. 50-60 жылдары, Ананьев Б.Г., Ковалев А.Г., Крутецский В.А., Леонтьев А.Н., Платонов К.К., Рубинштейн С.Л., Дружинин В.Н. және тағы басқа Кеңестік зерттеушілердің еңбектерінің арқасында қабілет мәселесінің барлық басты аспектілерін ғылыми тұрғыда түсінуге маңызды қадам жасалды. Рубинштейн С.Л. 30- шы жылдары қабілетке байланысты өз көзқарасын айта бастайды. Оның алғашқы жұмысының мазмұны кейінірек „жалпы психология негіздері” оқулығында баяндалды. Онда автор осы мәселеге деген көзқарасын айта отырып, қабілетті дамытудың алғышарттарын негізге ала отырып, жалпы дарындылық пен арнайы қабілеттер сұрақтарын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет