Айтылым.«Сөйлесейік» айдарында оқушылар жұпта жұмыс істейді, яғни
берілген сұрақтарды көршісімен талқылайды.
1. Саған жаңбырлы күн ұнай ма? Неге?
2. Жаңбырлы күні сыртқа шығасың ба?
3. Жаңбырлы күнде көңіл күйің түсе ме?
Тапсырма оқушылардың сөйлесім әрекеттерін дамытуға бағытталған.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар шығарманың кейіпкері
туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,...оның
айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша...) салыстыра отырып бағалау
мақсатын жүзеге асырады.
«Ән салайық» айдарында оқушылар Бота Бейсенованың «Жаңбыр»
атты әнін 2 рет тыңдайды. Тыңдамас бұрын мұғалім оқушыларға әнді
мұқият тыңдау керектігі туралы кеңес береді. Тыңдап болған соң,
тыңдалым бойынша тапсырма орындайтындарын түсіндіріп айтады.
Оқушылар мұғаліммен бірге ән салады.
Тыңдалым мәтіні:
а) Ән салайық
Әні мен сөзі: Бота Бейсенованікі
Келді, міне, көктемім,
Жердің жүзі көктеді.
Ақ жаңбырды сыйлады,
Ақша бұлттар көктегі.
Қайырмасы
Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Мөлдіреген тамшыларың.
Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Табиғаттың сәні.
Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Мөлдіреген тамшыларың.
Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Табиғаттың әні.
Жаушы жаңбыр тағы да,
Күттік сені сағына.
Кірсін жердің сәні де,
Топырақтың нәрі де.
Осы тапсырманы орындау арқылы тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның
себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды
мұғалімнің нұсқауымен анықтау мақсатын жүзеге асырады
Табиғат құбылыстары туралы мәтін құрастыру.
|
Оқушылар сөйлемдерді аяқтау арқылы өздерінің ойларын
дәлелдейді, айтылым дағдыларын дамытады. Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар дәптерге екі бағанға сөздерді жылдам
орналастырып шығады.
Кімнің? Ненің?
Қосымшаны қойып сөздерді дәптерге жазады.
оқушылар ән салады.
оқушыны
қисынды ойлайды жіктік жалғауын дұрыс қолданады .
Тапсырма
оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталады.
Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып айтады
|