Бағалау критерийлері:
Берілген тіркестердегі сан есімдерді сөзбен көркем әрі сауатты жаза алады.
3(С)-деңгей
Танымдық мақсаттар таксономиясы бойынша жинақтау және бағалау
(Проблемалардың сонғы шешімдерін табу және түбегейлі білім негізінде сындарлы пікірлер айту)
Тапсырмалардың мақсаты: Оқушыларға сан есімдердің түрлерін,олардың өзара байланысын сұрақ қоя біліп анықтауға және сызбасын сыза отырып,сөйлем мүшелерінің түрін ажыратады.
тапсырма:
Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз:
Сөздер
|
-ыншы
|
-інші
|
Бір
|
|
|
Екі
|
|
|
Бес
|
|
|
Алты
|
|
|
Тоғыз
|
|
|
Он
|
|
|
Оқушылардың болжамды жауаптары:
Сөздер
|
-ыншы
|
-інші
|
Бір
|
|
+
|
Екі
|
|
+
|
Бес
|
|
+
|
Алты
|
+
|
|
Тоғыз
|
+
|
|
Он
|
+
|
|
Дескриптор:
Реттік сан есімдердің жасалу жолдарын біледі;
Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазады;
Бағалау критерийлері:
Есептік сан есімдердің түбіріне байланысты реттік сан есімдердің жасалу жолдарын біледі.Семантикалық картаны толтыра алады;
2-тапсырма:
Мәтін ішіндегі сан есімдерді тап.Және оларды мағынасына қарай жікте:
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.
Дескриптор:
Берілген мәтінді түсініп оқиды;
Сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратады;
Бағалау критерийлері:
Мәтінді түсініп оқиды және сан есімдердің мағыналық түрлеріне қарай ажырата алады;
Достарыңызбен бөлісу: |