Бөлім
|
Заттардың тасымалдануы
|
Педагогтың аты-жөні
|
Налибекова Жансая Каратайкызы
|
Күні
|
17-19.11.2020ж
|
Сынып: 8 «В, Г»
|
Қатысушылардың саны:
|
Қатыспағандардың саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ағзаның ішкі ортасы. (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) және оның ағза тұрақтылығын ұстаудағы маңызы. Лимфа жүйесі.
|
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.3.5 лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау
|
Сабақ мақсаты
|
лимфа жүйесі мен оның қызметін сипаттау
қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфаның ұқсастығы мен айырмашылығын табу
ағзаның ішкі орта тұрақтылығының адам тіршілігі үшін маңызын түсіндіру
|
Сабақтың барысы
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.
|
Сабақтың барысы
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Ой шақыру: Ағзадағы сұйық ұлпаларды атап көрейік деп сұйық ұлпаларды атағаннан соң оқушыларға таныстырылымдағы тізімнен толықтыру тапсырылады.
Қайсысы ұлпаға, қайсысы сөлдер немесе ерітінділерге жатады?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Мұғалімнің бағалауы
|
Презентация
Қосымша 1
|
Ортасы
|
Сұрақтар:
- қан қайда болады? (қан тамырында)
- қанның жасушасыз бөлігі қалай аталады? (плазма)
- лимфа қайда болады? (лимфа тамырларында)
- лимфа қайдан пайда болады? (плазмадан)
|
Оқушыларға қан лимфа, ұлпа сұйықтығының байланысы туралы сызба беріледі. Оқушылар сызбаны пайдалана отырып сұрақтарға жазбаша жауап береді
|
Өзара бағалау. Мұғалім де жұмыстарды тексеріп кері байланыс ұсынады
|
1-3 қосымша
6-14 слайдтар
|
|
Оқушыларға лимфа жүйесінің мылқау суретінде оның құрамбөліктерін атап жазу тапсырмасы ұсынады.
|
Әрбір мүшенің қызметін сипаттау үшін оқушылар жұпта лимфа жүйесін құрайтын мүшелер мен олардың қызметтері туралы
сұрақтар құрастырады.
Құрастырған сұрақтарын кез келген сыныптасына қояды. Жауап бере алмаған жағдайда басқа сұрақ басқа оқушыға қойылады.
|
Мұғалім кері байланыс ұсынады.
|
4-қосымша
15 слайд
|
Соңы
|
Мұғалімнің сұрағы:
Жұқпалы аурумен ауырған кезде адамның лимфа түйіндері ұлғайып кетеді. Оның себебі неде?
Сүт безінің обасын ота арқылы алып тастағанда, қолдың лимфа түйіндері зақымдалады. Бұның қандай қауіпі бар?
|
Оқушылар сыныпта жауаптарды талқылайды.
Критерий:
лимфа жүйесінің қызметінтүсіндіреді
ағзаның ішкі орта тұрақтылығының адам тіршілігі үшін маңызын бағалайды
|
Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің кері байланыс орнатуы
|
16 слайд
|
Кері байланыс
Үй тапсырмасы
|
Бұл кері байланыс тақырып мазмұнына байланысты жүргізіледі.
Мәтінді оқу
|
|