Білім беру саласы: таным
Бөлімдері: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақша ауласы
Мақсаты: Балаларға бақша ауласы туралы түсінік беру. Бақша ауласындағы өсімдіктермен таныстыру. Айнала қоршаған ортаны танып білуге үйрету.
Әдіс- тәсілдері: 1) Сұрақ- жауап
2) Ойын
Көрнекіліктер: Гүлдер, ағаштар, құстар, жемістер
I.Кірспе бөлім:
Шаттық шеңбері:
Мен гүлді жақсы көремін,
Мен күнді жақсы көремін.
Мен достарымды жақсы көремін!
II. Негізгі бөлім:
Балалар, бүгін біз сиқырлы бақша ауласына саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын бақша ауласы туралы бейне көріністі тамашалайық.
Балалар үстел үстінде тұрған жұлдыздарға алақандарын салып көздерін жұмып, «сиқырлы қақпа ашыл» деп айтады.
«Сиқырлы қақпа ашыл» деп айытқанда қақпа ашылады да балалар қақпадан бақша ауласына кіреді.
Тосын жағдай: Алдарыннан сиқыршы шығады
Сиқыршы: Балалар сендер қайда барасыңдар? Мен сендерді қатырып тастайынба?
Тәрбиеші: Сиқыршы сен бізді қатырмашы біз онсызда сиқырлы қақпадан әзер дегенде өттік оданша сен бізге көмектес, жол көрсет.
Сиқыршы: Жарайды жүріңдер- деп балаларды ертіп бағбанға барады.
Бағбан: Балалар сәлеметсіңдерме! Менің бақшама қош келдіңдер!(сол кезде бағбанның телефоны шырылдайды, бағбан сөйлесіп болған соң) балалар мен тез арада үйге барып келейін сендер менің бақшама қарай тұрасыңдарма?
Қыс болса таяп қалды, маған картоптарды тезірек жиынау керек еді.
Тәрбиеші: Бағбан ағай аландамай барып келініз,менің балаларым картоптарды жиынастырып қойады.
Тәрбиеші:Балалар бақша ауласынаң не көріп тұрсыңдар?
Алма ағашы,картоп,гүлдер,құстар және көкөністер.
Сергіту сәті:
Қур- қур қурмаш,
Балапанға бидай шаш.
Қур- қур қурмаш,
Апаң келсе есік аш.
Қур- қур қурмаш,
Қасқыр келсе мылтық бас.
Алма ағашы:Алма ағашта өседі алмада көптеген дәрумендер болды.
Картоп: Картоптан түрлі тағамдар жасаймыз.
Гүлдер:Гүлдер топырақта өседі,ауаны тазартады,айналаға әсемдік береды.
Құстар: Балалар құстар қалай ұшады?
Көкөністер: Көкөністерден түрлі тағамдар әзірленеді.
Сиқыршы: Балалар сендер менің тапсырмамды орындамай кетпейсіңдер
Сендер менімен ойын ойнаңдар содан соң үйлеріңе жіберем.
Ойын: «Қырыққабат»
III. Қорытынды: Балаларды мақтау, мадақтау және сұрақтар қою арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтау.
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы ауылы
«Балдырған» балабақшасы
Ашық сабақ
Тақырыбы: Бақша ауласы
Тәрбиеші: Нәкен М
2017-2018 оқу жылы
«Гүлдер» тобы
Достарыңызбен бөлісу: |