Реттік нөмірі №35 болатын элемент периодтық жүйеде: а қай периодта, қатарда



Дата12.07.2023
өлшемі17,91 Kb.
#179430
Байланысты:
7 сынып химия емтихан
Әке суреті, ФИЗИКА-ФОРМУЛА-МҰХАМЕДЖАН НҰРБОЛАТ (ФМ), Мат. сауаттылық чек-лист (3), Баешова Уч-пособ Химия

1-тапсырма
Реттік нөмірі №35 болатын элемент периодтық жүйеде:
а) қай периодта, қатарда;
ә) қай топта, топшада орналасқан;
б) сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электроны бар;
______________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма
Н2СO3 көмір қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.
__________________________________________________________________________________________________________________________
АI ( NO3)3 алюминий нитратының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.
______________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма
Электродық конфигурациясы мынадай элементтерді анықтаңдар:
1s2s2 2p4 және 1s2 2s2 2p6 екі элементтердің қайсысының электр терістігі жоғары болатынын айтыңдар.
______________________________________________________________________________________________________________________________
4-тапсырма
Химиялық элементтердің таңбалары берілген:
Al, K, Cl, Na, Mg, Li, S, Si, Rb, Ag, P, Ar, Cs, Cu, Fr, Fe, H, Au, Ca, Zn
Табу керек: 
1) химиялық элементтерді алфавиттік ретпен орналастыру;
2) тұрақты валенттілік көрсететін элементтерді теріп жазу;
3) ауыспалы валенттілік көрсететін элементтерді теріп жазу
______________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________


5-тапсырма
Қажетті элементтердің валенттілігін біле отырып, натрий мен фтордан тұратын қосылыстың формуласын анықтаңыз.
Натрийдің валенттілігі_____________ . Фтордың валентттілігі ___________.
Қосылыстың құрылымы: Na_________F_________.
Қажетті элементтердің валенттілігін біле отырып, сутек пен күкірттен тұратын қосылыстың формуласын анықтаңыз.
Сутектің валенттілігі_______ . Күкірттің валенттілігі_______ .
Қосылыстың құрылымы: H_S__
Қажетті элементтердің валенттілігін біле отырып, азот пен сутектен тұратын қосылыстың формуласын анықтаңыз.
Азоттың валенттілігі_______ . Сутектің валенттілігі_______ .
Қосылыстың құрылымы: N__H__
6-тапсырма
Келесі қосылыстардың молекулалық формулаларын анықтаңыздар.
А)

  1. Темір(ІІІ) оксидінің молекулалық формуласы

  2. Барий хлоридінің молекулалық формуласы

  3. Натрий оксидінің молекулалық формуласы

7-тапсырма. 1. Солтүстік орхидеясы осы элементке бай топырақта өседі. Салыстырмалы атомдық массасы 40 — қа тең. Элементтің атын, таңбасын, рет санын, валенттігін көрсет.


______________________________________________________________________________________________________________________________
2. Бұл элемент жетіспеген жағдайда өсімдіктің бойы өспейді, жемісінің жетілуі тежеледі. Рет саны 15 тең. Элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын, валенттігін көрсет.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Райхан гүлінің қызғылт гүл күлтешесі бұл элемент көп болған жағдайда көкке, тіпті қара түске боялуы мүмкін. Салыстырмалы атомдық массасы 63, 5 — ке тең. Элементтің атын, рет санын, таңбасын, валенттігін көрсет.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Бұл элемент тілдің сілекей безінде жинақталған. Салыстырмалы атомдық массасы 119 — ға тең. Элементтің атын, таңбасын, рет санын, валенттігін көрсет.
______________________________________________________________________________________________________________________________
5. Ағзадағы қанға қызыл түс береді, гемоглобиннің құрамына кіреді. Рет саны 26 — ға тең. Элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасы, валенттігін көрсет.
______________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет