Бөлімдері: Тіл дамыту Тақырыбы: Білім еліне саяхат. Мақсаты



Дата17.12.2016
өлшемі40,07 Kb.
#4041
С.Қ.О. Ақжар ауданы

К.Г.У. «Горьковский орта мектебі»

Тәрбиеші Жолдаспаева Бибигуль Самкеновна

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: Білім еліне саяхат.

Мақсаты: Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек - Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, бала - бақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.

Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

Ұжымды достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілік: мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері.

Билингвалдық компонент: саяхат – путешествие, мектеп – школа, кітап – книга



Іс – әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық



1. Ұйымдастыру кезеңі:

Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?



Шеңберге тұрып,тәрбиешінің қимылын қайталап,

ынталанып тыңдайды.



Ұйымдастыру-

Ізденушілік



2. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең - тақпақтар, жұмбақ - жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

- Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады, болашақта көркем әдебиет арқылы қызықты әңгіме, ертегілерді оқып, өлең - тақпақ, жаңылтпаштар жаттайтындарын айтады.



3. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

- Дыбысты айтамыз, естиміз.

- Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

-Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.

- Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.

«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді.

1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А - а - а», - деп айтады.

2. Қыз бала: «А - а - а», - деп әндетеді.

3. Анасы сәбиін: «А - а - а - а», - деп әлдилейді.

Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.

4.«Математика әлемі»

1. Балалар онға дейін санайды.

2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.

3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:

Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кеттi. Бұтақта неше торғай қалды? (Жауабы: 2 торғай қалды).

Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып, бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін игеруге бағытталатындығы айтылады.

Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім - сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп - өркендеуіне үлесін қосады.

5. Дәптермен жұмыс

а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Балабақшада не үйрендіңдер?

2. Балалар мектепке не үшін барады?

3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?

4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

б) Дәптерде берілген мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату.



Балалар ертегі, өлең, қызықты әңгімелерді еске түсіреді

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.


Балалар бірнеше рет қайталайды.

Балалар математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады..

Балалар сұрақтарға жауап береді



Рефлексивтік-

түзетушілік




Қорытынды.

  1. Сабақты қорытындылып, жұмыстарын талдау.

Мадақтау.

Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.

Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады

Нені біледі: Білім әлемі саяхат жасайды

Қандай түсініктерді игерді: Білім әлемі туралы түсініктерін игереді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырады.
Каталог: uploads -> doc -> 0221
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0221 -> Сабақтың тақырыбы: (тіл дамыту) "Зообаққа саяхат"
0221 -> Сабақ Тақырыбы: Футбол ойынындағы допты тоқтату әдістері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет