Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Күні: 27.03.2017ж
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Қысқы киімдер»
Мақсаты: Қысқы киімдердің атын меңгерту. Түстерін ажырату мақсатында «Қандай?» деген сұраққа жауап беру. «Ы», «і» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Көрнекілік: қысқы киім суреттері,
Сөздік жұмысы: қолғап, тон, етік, шалбар, бөрік, пима, шұлық, киім.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-
Қозғаушы
|
Сәлеметсіздер ме!
Тыңдаңдаршы, біреу келе жатқан сияқты.
Бұл кім болды екен?
Бір қыз кіріп келеді.
|
- Сәлеметсіз бе!
Білмейміз
|
Іздену-
ұйымдастырушылық
|
Жылап тұрып, мен орманға барғанмын қолғабымды жоғалтып алдым. Қолым қатты тонып тұр. Көмектесіңдерші.
Қазір қандай мезгіл?
Күн қандай?
Аминаға көмектесеміз бе?
Біз онда қысқы орманға саяхатқа шығамыз.
Орманға бару үшін қаншама кедергілер тұр. Осы кедергілерден өтуіміз керек.
Қысқы киімдермен танысайық.
Қазақша атауларымен таныстыру.
Пима – валенки
Тон – шуба
Етік – сапоги
Шалбар – брюки
Қолғап - варежки
Бөрік- шапка
Шұлық- носки
Тапсырма: «Қысқы киімдерді табу».
Ілулі тұрған киімдердің ішінен қысқы киімдерді алып көрсету. Аттарын атап, түстерін айтады.
Амина тонып қалыпты қолын жылытып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғапты киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.
Д/о «Құрастыру».
Киімдерді құрастырып қандай киім екенін айту.
Не жинадың?
Неше тон бар?
Неше қолғап бар?
Неше пима бар?
Неше бөрік?
Балалар, қараңдаршы, біз қысқы орманға да жетіп қалыппыз.
Қайда келдік?
Қолғап барма қараңдаршы?
Мына ағаштың қасында?
Ал мына жерде?
Амина : Ой, рахмет балалар, қолым жылынып қалды.
|
Қыс мезгілі.
Күн суық, аяз.
Көмектесеміз.
Бірге қайталап айту, жеке жеке айтады.
Пима, тон, етік, шалбар, қолғап, бөрік, шұлық.
Мынау пима, пима қоңыр. Мынау тон; тон қара. Мынау етік; етік қызыл. Мынау шалбар; шалбар көк. Мынау қолғап; қолғап .қызыл. Мынау бөрік; бөрік қара. Мынау шұлық; шұлық сары.
Қайталап қыймылмен жасайды.
Менде тон.
Екі тон.
Менде қолғап.
Үш қолғап.
Менде пима
Бір пима.
Менде бөрік.
Төрт бөрік.
Қысқы орманға келдік.
Қолғап жоқ.
Қолғап жоқ.
Қолғап мында.
Балалар қуанады.
|
Рефлексивті-
Корригиялаушы
|
Қараңдаршы, Сәуленің барлық киімі киілген бе, атап шығайық?
Аминаның басында не?
Денесінде не?
Қолында не?
Аяғында не?
Ән айту
Қыс келді алақай,
Ақ күміс қар жауады.
Ағаштар,бұталар,
Ақ қарға оранды.
|
Киілген.
Киімдерді атап шығады.
Басында бөрік.
Денесінде тон.
Қолында қолғап.
Аяғында пима.
Әнді орындайды.
|
Күтілетін нәтиже :
Білуге тиіс: Киім атауларын: пима, шалбар, тон, етік, қолғап, шұлық, бөрік сөздерін.
Талапты болу: Киімді атап, суретін көрсете білу
Қолынан келуі тиіс: Мынау не? Неше? Қандай? Сұрақтарына жауап беру, қысқаша сөйлемдер құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |