Бөлімі: Экология негіздері Тақырыбы: Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері Мақсаты: Білімділік



Дата29.01.2018
өлшемі50,79 Kb.
#35771
түріСабақ
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері
Мақсаты:

Білімділік: Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын, өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту, монтессори технологиясын пайдалана отырып саусақ моторикасын дамыту .
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс.

Сөздік жұмыс: тіршілік,егістік, шабындық

Билигвальді компонент: жыл мезгілдері – времена года, жаз – лето, күз – осень.

Көрнекі құралдар: жаз күз мезгілдерінің иллюстрациялық суреттері, жұмбақтар, жыл мезгілдеріне байланысты слайдтар.

Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, сөйлеуді дамыту, шығармашылық.

Сабақ түрі: аралас, дәстүрлі емес.

Қолданылатын технология: монтессори.

Сабақ барысы:
Психологиялық сәт:

  • Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.

  • Сәлеметсіздер ме? (балалар амандасады)

Шаттық шеңбер:

  • Қуанамын менде!

Қуанасын сенде!

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан әр таңға!


  • Балалар, табиғат дегеніміз не?

  • Ол бізді қоршаған орта.

  • Балалар табиғат нешеге бөлінеді, атап айтып беріңдерші?

  • Екіге бөлінеді: тірі және өлі табиғат.

  • Ендеше балалар, біз сендермен «Тірі және өлі табиғат» ойынын ойнайық.

  • Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
    - Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
    - Тау.(Аяқпен топылдату)
    - Ағаш. (Қол шапалақтау)
    - Күн. (Аяқпен топылдату)
    - Қоян. (Қол шапалақтау)
    - Су. (Аяқпен топылдату)

  • Балалар, біз сендермен жыл мезгілдері туралы әңгімелесеміз.

  • Бәріміз орнымызға отырайық.

  • Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал
    сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып көріңдер.

  • Қойының толы жеміске,
    Көк майсалы егісте,
    Көбелек қуып ойнайтын,
    Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Жаз мезгілі.

Балаларға жаз мезгілі туралы сұрақтар қою.

  • Балалар, жаз мезгілінің айларын қазақша және орысша кім атап айтып береді?

  • Жансая: Маусым – июнь, шілде – июль, тамыз – август.

  • Балалар, жазда қандай өзгерістер болады?

  • Жазда күн ыстық болады, айнала жасыл желекке айналады, гүлдер өсіп, құстар сайрайды.

  • Өте дұрыс балалар.

  • Жаз мезгілі сендерге ұнай ма?

  • Ұнайды.

  • Жаз мезгілінде қандай мерекелер бар?

  • Балаларды қорғау күні, астана күні, конституция күні.

  • Жаз мезгілі туралы кім тақпақ біледі?

  • Сұлтан:

Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда ендеше,

Алма теру көбейсін.



  • Өте жақсы Сұлтан.
    (Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
    - Жазда күн ұзарып, түн қысқарады.

  • Жаз мезгілінде диқандар егістікке шығады. Егістік дегеніміз – егін егетін жер.

Сөздік жұмыс : егістік - балалар қайталайды.
- Ал енді келесі жұмбақты жасырайын:
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Күз. (Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
    - Ал күз айларын кім біледі?

  • Нұрасыл: қыркүйек – сентябрь, қазан – октябрь, қараша – ноябрь.

  • Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

  • Күзде көкөністер мен жемістер піседі, айнала алтын түске боялып, жапырақтар сарғаяды, егіншілер шабындықтан егін орып алады, адамдар да жан – жануарлар да қыстық азық – қоректерін жинайды.

  • Сөздік жұмыс : шабындық - балалар қайталайды.

  • Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?

  • Балалар тақпақ айтады.

  • Балалар енді мен сендерге А. Құнанбаев атамыздың «Күз» өлеңін оқып берейін:

  • Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.


  • Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті:

Жел соғады бетіме,

Ағаштарды желпуде.

Жел тына қалғанда,

Ағаштар биік болып өседі!

- Ал енді балалар біз екі топқа бөлініп, түрлі түсті жіптерді пайдалана отырып, жыл мезгілдерін бейнелейміз. Ол үшін біз екі топқа бөлінеміз:

- 1 – ші топ «Жаз» тобы.

Мақсаты: Жаз мезгілінің бейнесін берілген көрнекілік құралдар арқылы бейнелеу, құрастыру.

- 2 – ші топ «Күз» тобы.



Мақсаты: Күз мезгілінің бейнесін берілген көрнекілік құралдар арқылы бейнелеу, құрастыру.

Музыка ақырындап ойнап тұрады.(Балалардың іс - әрекеті)


(Балалардың жұмыстарын талдап, бағалаймыз)


Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»
Ойын шарты: өсімдіктер мен жемістерді қайда өсетінін айтып, дұрыс орналастыра білу.
- Балалар ойын ойнайды.

Қорытынды: жаз және күз көріністерін қатар қойып, салыстыру жұмыстарын жүргізу.

- Жаз мезгіліне тән белгілерді атап шығыңдар. Күз мезгіліне тән белгілерді атаңдар.



Үйге тапсырма:

- Ата – аналарыңның көмегімен «Күз» өлеңін жаттап келу.

Балаларды мақтап мадақтау:

  • Бүгін сендер сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

  • Балаларға «жұлдызшаларды тарату».

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: топтағы балалармен пікір алмасуды, табиғатты бақылауды;

Түсінеді: жаз және күз мезгіліне тән белгілерді;

Қолданады: жаз және күз мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет