Білім беру саласы:«Таным» Бөлімі:Жаратылыстану Тақырыбы:«Табиғат бұрышындағы су патшалығы» Мақсаты: судың қасиетімен таныстыру. Балаларға сумен зерттеу жасауды ұсыну: су құйылады, судың дәмі жоқ, су түссіз екенін дәлелдеу. Зерттеудің нәтижесін көру үшін, балаларды өз еркіндігімен жұмыс жасауға үйрету. Табиғат – бұрышындағы құстар, балықтарды күтіп баптауға үйрету, бақылай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: су, балық. Үштілдік компонент:су – вода – water, балық – рыба – fish. Керекті құралдар:суреттер, аквариум, тәжірибе жасауға арналған құрал – жабдықтар.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбер: Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қане, орынымыздан тұрып,бір-бірімізге сүйіспеншілігімізді білдіріп, бір-бірімізбен амандасып алайық.
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
Күлімдейді жан анам.
«Қайырлы таң ботам»-деп
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Сәлемтсіздер ме! Здравствуйте! Гуд монин!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
-Ия, балалар, қазір қыс мезгілінің соңғы айы ақпан.
Шеңберде тұрады.
Амандасады.
Қыс
Ұйымдастыру- іздестіру
Ғажайып сәт: Балалар «Су патшасы Сүлеймен» бізге тамаша кітап беріп жіберіпті (кітапты көрсету), бұл кітапты қарап біз су туралы, балықтар туралы көп нәрсені білеміз, үйренеміз.
-Балалар, біздің топта су бар ма, қай жерден көріп тұрсыңдар?
Бірінші бетті ашамыз. «Сиқырлы су»
Балалар судың қасиеттерін білу үшін біз сендермен түрлі тәжірибелер жасап көрейік.
Судың дыбысын қосу.
1 тәжірибе «Су - сұйық»
Балалар, су дегеніміз не? Оны бір нәрсеге құюға бола ма? Қане, тексерейік.
Балаларға әр түрлі ыдыстар береді (ыдыстар үстелдің үстінде дайын тұрады), тәрбиеші осы ыдыстарға суды құяды да балаларға екінші ыдысқа құйып қарауын ұсынады.
-Су қандай?
Судың дәмін ішіп көру.
-Судың дәмі бар ма?
-Қалай ойлайсыңдар, сумен не істеуге болады?
2 тәжірибе «Су түссіз»
-Мына столда не бар?
-Біз сүтті жақсы көреміз бе?
Столда 1 стақан су, 1 стақан сүт тұр.
Стақандағы сүтке қасықты саламыз.
-Қасықты көріп тұрсыңдар ма?
Ал, енді қасықты суы бар стақанға саламыз, не көріп тұрсыңдар?
-Сүттің түсі қандай?
-Судың түсі қандай?
Тыныс алу жаттығуы:
Балалар, теңізде балықтар жүзеді, балықтарға ауа қажет, ауаны көру үшін сендермен суды үрлеп судағы ауаны көре аламыз. Түтікшемен суды үрлеу.
Судың дыбысын қосу. Орнымызға қайту.
Жұмбақ шешу:
Мною можно умываться.
Я умею проливаться.
В кранах я живу всегда.
Ну, конечно, я-----(вода)
Сергіту сәті:
Мөп-мөлдір тұнық суда,
Балық жүзіп ойнайды.
Біресе керіледі,
Біресе жиырылады.
Ал бірде құмға тығылады.
-Енді аквариумға қараңдаршы, қандай балық жүзіп жүр?
-Балалар, енді балықтың бас жағына назар аударыңдаршы, бүлк-бүлк етеді. Бұл балықтың желбезегі. Олар осы желбезегі арқылы демалады.
- Аквариумдағы балықтарды немен қоректендіреміз?
Аквариумда өсетін балықтар өзен- көлдерде тіршілік ете алмайды, себебі оларды басқа үлкен балықтар жеп қоюы мүмкін.
Қараңдаршы балалар, бізге алтын балықтан басқа теңізден адасып кит келіп қалыпты, түсі қандай?
Кит теңізге қайту үшін сендерден көмек сұрап келіпті, китке көмектесемізбе?
Ойынның шарты: киттің қайығына түсіне қарай тастар жинау.
Назарларын кітапқа аударады.
-Аквариумда су бар, қол жуатын бөлмеде су бар.
Қызыға мұқият қарайды.
Тәрбиешінің айтқанын орындайды.
- Су – бұл сұйық.
-Судың дәмі жоқ.
-Суды құюға, ішуге және төгуге болады.
-Сүт бар.
-Иә, сүт денсаулыққа пайдалы.
-Жоқ, көрінбейді.
-Қасық көрініп тұр.
-Сүттің түсі ақ.
-Судың түсі жоқ, ол түссіз.
айтқанын қайталап тыныс алу жаттығуын жасайды.
-Балықтард
-Вода.
Қимылдарын қайталайды.
-Алтын балық.
- Балықтарды арнайы жемдермен қоректендіреміз.
.
-Ақ, қара.
Көмектесеміз.
Рефлексивті– түзетушілік
Қорытындылау ретінде сұрақтар қою
-Балалар, кітап сендерге ұнады ма?
-Біз қандай жұмыс жасадық?
-Судың қандай қасиеті бар?
Балалар, біз қолымызды жуғанда суды албаты төгіп шашуға болмайды.
Су – тіршілік көзі.
Рефлексивті– түзетушілік кезең:
-Балалар, көңіл күйлерің көтеріңкі болса үлкен балықтары бар аквариумға балықтарды жинайық, ал егер көңіл күйлерің болмай тұрса кішкентай балығы бар аквариумға балықтар жинайық.
Сұраққа толық жауап береді.
-Ұнады.
-Су құйып көрдік, ішіп көрдік.
-Су түссіз.
-Су сұйық.
-Су дәмсіз.
Қоштасады.
Көңіл күйлеріне қарай тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: әрбір бала судың қасиетін, балықтарды білуі керек. Болу керек: су туралы, балық туралы мәлімет. Істей білу керек: әңгімелей білу,қамқорлық жасай білу, күту, қастерлеу.