Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісін сахналау.
Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын,
қиялын дамыту, үй жануарларының дыбысын ажырата білу.
Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреттері, көрініске керекті құралдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу кезеңі. Тілек шеңбері.
Алтын күн жарқыра.
Бір-бірімізге, достарымызға, апайларға жылы тілектерімізді, лебіздерімізді білдірейік, жақсы тілектерімізді қонақтарға сыйлайық. (Күн арқылы жылы лебіздерін білдіру)
Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады. Ішке қоян келеді. Балалар қоянмен амандасады.
Қоян: Мен «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп естідім, жолда келе жатып, «Сиқырлы дорба» тауып алдым.
Тәрбиеші: Сиқырлы дорбаның ішін ашады. Сиқырлы дорбадан біздер оқыған ертегінің суреті шығады. Сурет бойынша ертегіні еске түсіру.«Бауырсақ» ертегісі екен.
Сергіту сәті:
Қоян, қоян тұршы,
Беті-қолыңды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Ал, енді орныңа отыршы.
Тәрбиеші: Сурет арқылы балаларға «Шалқан» ертегісінің мазмұнымен түсіндіру.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күннің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата: Ой, бәрекелді,менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата: Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірімді шақырайын.
- Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел ,екеуміз бірге тартайық!
Кемпір: Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз: Итім, итім көмекке келші.
Ит: Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін.
Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі тартады, бері тартады, бірақ шалқан шықпайды. Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін. Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.
Тәрбиеші: Қане, балалар енді осы ертегіні бүгінгі біздің қонақтарымызға және қоянға арнап көрніс етіп қойып берейік. Рөлдерде ойнайтындар: Шал, кемпір, немере қыз, ит, мысық, тышқан.
Тәрбиеші: Балалар осы ертегіде қандай үй жануарлары бар екен?
-Ит, мысық, тышқан.
Дауыстыры арқылы дыбыстарын ажырату.(аф-аф, мяу, шиқ-шиқ.)
Балалар қане сергіп алайық. Көз жаттағулары арқылы.
Сабақты қорытындылау:
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздер «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірдік.
Біз бүгін өандай ертегімен таныстық?
«Шалқан» ертегісімен.
Ертегі сендерге ұнады ма?
Ұнады.
Осы ертегіде қандай үй жануарлар бар екен?
Ит, мысық, тышқан
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер «Шалқан» ертегісінің көрінісін қойыңдар. Сендерге қоян дән риза болды. Өзі сендерге арнап сыйлық әкеліпті. Қоян балаларға сыйлйқтарын таратады.
Тәрбиеші:Балалар бізде рахметімізді айтып,қоянды шығарып салайық.Балаларды мадақтау.Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды.
«Еркемай» балабақшасы МКҚК
Ашық сабақ
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісін сахналау.
Дайындаған: «Айгөлек» тобының
тәрбиешісі: Тілепбаева С.Ж
2013-2014 жыл
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Өтілетін күні:_______________ Тәрбиеші:_____________________________________
Білім беру саласы:_________________________Ұ.О.І.Ә__________________________
Тақырыбы:________________________________________________________________
Мақсаты:____________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Дәлелдеу-ояту
|
|
|
Ұйымдастыру-іздену
|
|
|
Рефлекстік түзету
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу:_____________________________________________________________________
Игеру:________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Меңгеру:___________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |