Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Қыс қызығы» Мақсаты



Дата23.02.2020
өлшемі58 Kb.
#58875
Байланысты:
Сабақ жоспары



















«Балдәурен» ересек тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Шығармашылық пен денсаулық, қатынас,қоршаған орта, математика салаларын кіріктіре отырып, балаларды өнерге, өзін-өзі ұстай білуге, шығармашылыққа, қарапайым жаттығулар арқылы пайдалы, денсаулыққа себін тигізетін әдіс-тәсілдерді баланың ерік жігері мен рухын қалыптастыратындай қолдану. Музыкалық сауаттылықтың қарапайым элементтерін музыка терапиямен кіріктіру. Ырғақты сезіну арқылы би қимылдарын келтіру, дене сымбатын әдемі ұстауға қалыптастыру. Музыкалық дидактикалық ойын арқылы баланың танымын, түсінігін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту.

Көрнекілік: Музыка аспаптарының суреттері бар куб, баян, домбыра, пианино, барабан, сылдырмақ, керней аспаптары, мнемотехнологиялық слайд, проектор, табиғат көріністерінің слайды, ақ қоян суреті слайдпен.

Методикалық әдіс: Көрсету, таныстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Керней-труба, пианино.



Оқу қызметінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік


Балаларды музыка залында көтеріңкі көңіл күймен қарсы алады.
- Балалар, суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? (Қыс көріністері слайдпен көрсетіледі)
-Бүгін біз қыс мезгіліндегі қызықты табиғат көріністерімен танысамыз. Қыс мезгіліне байланысты ән тыңдап, үйренеміз.

(Суреттері көрсетіліп ,түсінік беріледі)


- Алдымен, ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алайық («А-О-У» дыбыстары мен «Ля» буынына дауыс жаттығуы жасалады).
- Енді балалар, өткен әнімізді қайталап айтып көрейікші. («Қыс келді алақай» әнін қайталау)

Музыкалық-қимылды ойын: «Табиғатты танимыз». Алдымен шарты түсіндіріліп, соңынан ойнала-ды. Балаларға таратпа материалдар беріледі. Экраннан күн, шырша, аспан суреттері кезектесіп көрсетіледі.


-Енді экранға назар аударамыз. Қазір Ақнабат Айтуованың «Ақ қоян» әнін алдымен тыңдаймыз, соңынан бірінші шумағы мен қайырмасын фраза бойынша мнемотехнология әдісімен үйренеміз.
-Енді орнымыздан тұрып «Аспапты тап» деп аталатын музыкалық-дидактикалық ойынды ойнаймыз. Шеңбер бойымен музыка ойналғанда аспап суреттері бар куб қолдан-қолға жылжиды. Музыка тоқтап қалғанда, куб кімнің қолында қалса, сол бала ортаға кубты лақтырады. Үстіңгі бетінде қандай аспаптың суреті бер екенін айтып, барлық бала сол аспапта ойнағандай аспап дыбысына сәйкес қолымызбен қимыл жасаймыз.
-Соңынан балалардан бүгін не үйренгендері сұралып, оқу қызметіне жақсы белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Балалар көңілді марш әуенімен залға келеді.

Балалар әртүрлі жауап айтады.

Суреттен көріп отырады
Балалар қосылып бірге жасайды.

Балалар бірге қосылып әнді орындайды.

Балалар дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыштың түсін табуы керек, және экраннан қайсысы шықса, сол балалар ортаға шығып музыка ырғағына сәйкес қимыл жасайды.

Балалар экранға қарап отырып әнді мұқият тыңдайды.

Әнді қайталап айтып отырады.

Шеңбер құрып тұрады.


Ойынға барлық бала белсене атсалысады.


Таныс емес труба-керней аспабымен танысады.


Балалар жауап береді






Күтілетін нәтиже:
Біледі: Музыкалық аспаптар туралы, олардың дыбыстары туралы білулері керек.
Игереді: Труба-керней, пианино сөздерін түсінеді.
Меңгереді: Ән айту және аспаптарда ойнау дағдыларын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет