Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Екі сараң қонжық»
Мақсаты: Балаларға ертегі оқып, мазмұнын түсіндіру,ертегі әлеміне қызығушылығын арттыру, ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге,олардың іс-әрекеттерін бағалауға уйрету.Дамытушылық: Ойлау ,есте сақтау қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Өзара сыйласып,достық қарым-қатынаста болуға,бір-біріне қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Шаттық шеңбері.
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстап қаламын,
Әрі нәзік, әрі жарық мейірімді,
Болып кетер сонда менің жан-жағым.
-Балалар , сендер бөбекжайға келгенде таңертең не істейсіңдер?
-Таңғы жаттығу не үшін керек?
Деніміз сау,мықты болып өсу үшін денемізді шынықтырып, жеміс- жидектер жеп жүруіміз керек.
|
Шаттық шеңберіне тұрады
-таңғы жаттығу
-күшті, мықты болу үшін
|
Ұйымдастырушы-іздену
|
Балалар біз бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізде сендерге бір ертегі айтып беремін. Ертегіні бастамас бұрын мен жұмбақ жасырамын. Осы жұмбақтардың шешуін тапсаңдар ертегінің не туралы екенін білесіңдер.
Жұмбақ:
Жеміс-жидек жегенім,
Балды жақсы көремін. Ол не? (аю)
Ал,енді суретке назар аударыңдар. Бұл не? Аюдың баласын қалай атаймыз?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Келесі жұмбақ:
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қаңдай аң ол алдайтын? (түлкі)
Енді мен сендерге венгр халқының «Екі қонжық» атты ертегісін оқып берейін.
Слайдтан аудиожазба арқылы ертегіні тыңдау
Ертеде бір қалың ну орманда бір Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасуға келеді. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір-бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген қонжықтар жолға шығады. Алдымен олар тоғайдың ішімен, содан соң жазық даламен жүреді.Сөйтіп бір күн жүрді, екінші күн жүрді. Ақырында бар қоректері таусылады. Ал жолдан табатын ештеңе болмады. Қарындары ашқан қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты.
Сол уақытта кіші қонжық:
-Ағатайым, менің қарным ашты! – деп шағымданады.
Ал екінші қонжық:
-Менің де қарным ашты! – деп өні бұзылып, басын шайқады.
Солай жүре береді. Кенеттен үлкен дөңгелек ірімшікке кезікті. Әділ жолмен тең бөліспек болып еді, бөлісе алмады.
Қонжықтар бір-бірінен ірімшікті қызғанып, ұрсысып, ақырып тұрғанда, кенеттен жандарына Түлкі келді.
Түлкі:
-Неге ұрсысып тұрсыңдар қонжықтар? – деп сұрады.
Қонжықтар:
-Ірімшікті тең бөле алмай жатырмыз-дейді.
-Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөлді. Алайда айлакер түлкі бір жарымын, екіншіден үлкен қылып бөлді. Қонжықтар бұған ренжіді.
-Мынау үлкен ғой.
Түлкі оларды жұбатып:
-Тыныш,тыныш мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін, — деді. Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жыртып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болды.
Қонжықтар:
-Енді мынау үлкен ғой, — деп ақырды.
-Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін әдейі тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп, екеуіне береді.
Түлкі оларға күліп:
-Міне,енді тең болды, астарын дәмді болсын- деп өз жөніне кетіпті.
-Міне балалар, сараң болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаларсың.
-Балалар ертегі не туралы?
-Қонжықтар қайда кетті?
-Аю қонжықтарына қаңдай ақыл айтты?
-Жолда не тауып алды?
-Қонжықтар қаңдай деп ойлайсыңдар?
-Түлкі қаңдай?
Қонжықтар өздерінің аңқаулығынан,сарандығынан аш қалған екен. Әрқашан бір-бірінмен дос болып, сараң болмай бөлісіп ойнау керек.
Сергіту сәті:
Ормандағы аңдар,
Жиналыпты бірге.
Аю келді қорбандап,
Түлкі келді бұландап.
Қасқыр қуып қоянды,
Тап беруге шақ келді.
Екі құлағы қимылдап,
Отыр міне саққұлақ.
Ал, енді балалар осы ертегінінің қойылымын көрсетейік.
|
-аю
-қонжық
-бұл түлкі
Мұқият тыңдайды
Сұрақтарға жауап береді
Сергіту сәтін орындайды
Қойылымды көреді
|
Рефлексті-түзетуші
|
Билинвальды компонент: аю –медведь-bear, қонжық –медвежонок-teddy bear, сараң- жадный-greedy
|
Сөздерді қайталайды
|
Біледі: жұмбақ шешуді
Меңгереді: ертегі бойынша мазмұн айтып, сұраққа жауап беруді
Игереді: қонжық жайлы және 3 тілде атауын
Достарыңызбен бөлісу: |