Бөлімі: Сурет Тақырыбы: «Қандай ғажайып әлем!» Мақсаты



Дата11.02.2020
өлшемі0,53 Mb.
#57627
Байланысты:
Серикбаева Айгуль

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, «Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының «Ақбота бөбекжай-бақшасы» МКҚК

І -санатты бейнелеу жетекшісі Серикбаева Агуль Кошкинбаевна

«Балдырған» мектепалды даярлық тобы



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: «Қандай ғажайып әлем!»

Мақсаты: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс – тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту, балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттыру, өзіндік іс – әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасау. Оқу қызмет кезіндегі тәртіп ережелері мен ұжымдық бірлестікке тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, көмек көрсету.

Керекті құрал жабдықтар: Көрнекі суреттер, үнтаспа,слайд,ақ парақ,үйлестірмелі материялдар, гуашь бояулары, губка, мақта, қыстырғыштар, гупка таяқшалары, бояу сепкіш құралы, түрлі түсті фломастерлер,су, қол сүрткіш.

Алдын ала орындалатын жұмыс: Балалармен көрме ұйымдастыру.

Көптілділік:Қалам – қарындаш - pen, бояу – краска – paint , су – вода - water.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктем мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болатынын;

Игереді: Шығармашылық жұмыстың түрлерін, түстерді ажыратуды;

Меңгереді: Тазалық жұмыстарын, өзара ажыратуды меңгереді.
Залға балалар музыка әуеніне қол ұстасып кіреді. Қонақтармен амандасу.

Шаттық шеңберін құру:

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Түрлі түсті бояумен,

Әсемдеп біз жүрейік,

Бізге келген қонаққа,

Иіліп сәлем берейік.

(Балалар қолдарындағы тілек шарларын келген қонақтарға сыйлайды)



Тәрбиеші:

Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар? Біз сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз. біз сіздерді «Қандай ғажайып әлем!» мерекелік оқу қызметімізді тамашалауға шақырамыз.

– Балалар, солай ғой.

Балалар жауабы: - Ия, солай.

Балалар орындарына орналасып отырады.



Кіріспе бөлім

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?



Балалар жауабы:

- Көктем. Және көктемде мезгілінде үш ай бар, наурыз, сәуір, мамыр.



Тәрбиеші:

- Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап өтіндерші.



Балалар жауабы:

- Ауа райы жылынады, жеңілдеу киінеміз, жиы далада ойнаймыз, табиғат түрлі-түске боянады...



Негізгі бөлім

Көрнекіліктермен жұмыс

Балалардың назарын көрнекі суреттерге аудара отырып сұрақ-жауап алу.

Тәрбиеші:

– Иә, балалар, көктем мезгілі өте әдемі. Көктем мезгілінде жер бетіндегі тіршіліктің бары оянып, әсем, әдемі бояуларға оранады.

Осы себепке байланысты мен бүгін мерекелік оқу іс-қызметімізге «Бояулар ханшайымын» қонаққа шақырдым.

Залда баяу әуен ырғағы үнтаспадан ойнап түрады. «Бояулар ханшайымы» есіктен кіреді.



Бояулар ханшайымы:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен бояулар әлемінен келген Ханшайым боламын. Балалар сендер сурет сала аласыңдар ма? Ал, сурет өнері жайлы не білесіңдер?

Балалар толық /барынша/өз ойларын айтып сұраққа жауап береді.

Тәрбиеші:

- Келгеніңіз жақсы болды, бүгін біз балалармен бірге дәстүрден тыс тәсілімен сурет салу жолдадын орындаймыз. Бізбен бірге балалардың өнерін тамашалаңыз.


Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Енді сурет салайық.
Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер сала қарап отырып, орындалу ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

1-бала. Бақ – бақ гүлінің суретін бояусепкіш құралын пайдалана отырып салу;

2-бала. Алақан мен сурет салу тәсілін қолдану /құс/ суреті;

3-бала. Губка құралын пайдалана отырып талдардың суретін салу;

4-бала. Үрлеу таяқшасын пайдаланып, адам келбетінің шашын салу жолдарын аяқтау;

5-бала. Үрленген шарды пайдалана отырып балапан суретін салу;

6-бала. Кірқыстырғыш және мақта түйіршігін пайдалану арқылы көбелек суретін салу.

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарайды, көмек керек еткен балаларға бағыт беріп көмектеседі.



Сергіту сәті: Көзге және саусаққа арналған жаттығу

Оқу іс-қызметі соңында балалардың жұмыстарын қарап шығып, суреттерден көрме ұйымдастыру.



Бояулар ханшайымы:

- Жарайсыңдар балалар, берілген тапсырманы өте тамаша және ұқыптылық орындап шықтыңдар.



Тәрбиеші:

- Балалар, шаршаған шығарсындар, олай болса ендігі кезекті ойынға арнайық.


Қимылды ойын:

«Бояулар ханшаймы» суреті жарыс түрінде салу.



Қорытынды бөлім:

Бояулар ханшайымы балалардың салған суретіне ризашылығын білдіріп, әкелген сыйлықтарын, сыйқыр арқылы /сыйқырлы қаламын қолдана отырып , қалам ұштағыш қораптың ішінен ғажайып сыйлықтар / таратып береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет