Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,56 Mb.
#4746
1   2   3

Сөздік жұмысын жүргізу.

Хайуанат – жан – жануарлардың жалпы атауы.

Хайуанаттар бағы – жан – жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар көмек арқылы торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.



  Қасқыр – ит тұқымдас жануар. Түсі – сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.

  Қоян – ұзын құлақ жабайы жануар.Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол – өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды.

  Аю – ірі денелі, икемсіз жануар. Ол – жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды

Сондай -, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.

Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

Жұмбақтар шешу.

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

                                    (Аю)

Қаңғырамын,үйім жоқ,

Ауылдардың қойы көп.

Ұрлық,зорлық кәсібім,

Танамақтанар-нәсібім.



                                (Қасқыр)

«Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді.

Оқу іс – әрекетін қорытындылау.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.



Сабақ балалардың жануарлар туралы білетін өлең – тақпақтар айтуымен аяқталады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:  Хайуанаттар бағы туралы.
Қандай түсініктерді игерді: Хайуанаттар бағы – жан – жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөз тіркестерін құрастыруға дағдыланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет