Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,56 Mb.
#4746
  1   2   3
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Мерзімі:

Топ: «Ақбота»даярлық.

Білім беру саласы: «Қатынас».

Бөлімі:   Тіл дамыту  

Тақырыбы:   Хайуанаттар бағындағы қызықтар

Мақсаты:Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Жан – жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.

Оқу іс – әрекетінің барысы:

Хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып беру.



Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар – көк китті таныту. Ол теңіздегі ең ірі сүтқоректі жануарлар болып табылады.

  Әлемдегі ең ұзын жануар – керік.Ол  жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен аң. Керіктің тілі – қап-қара болады екен.

 Сұрақ – жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалардан көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет