Білімділік: Балаларды қыс мезгілімен таныстырып, білімдерін кеңейту. Қыс мезгілін басқа мезгілдерден айыра, айырмашылығымен ерекшеліктерін баяндау білуге үйрету.Байланыстыру сөйлеуге үйрету. Әңгіме оқып беріп оның мазмұнымен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттыру.
Түзетушілік: Тілдерін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыру, ұзақ уақыт есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, грамматикалық түрде жүелі сөйлеу қабілеттерін дамыту, артикуляциялық аппараттарын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың рухани-патриоттық қасиеттерін дамыту,адамгершілікке шақыру ата-анасына, адамға, достарына деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: қыс-зима, көңілді қыс- веселая зима, қар- снег, ұлпа қарлар- снежинки, қыста бізге көңілді- нам весело зимой
Жылулық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздер сыйлайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыс туралы, оның ерекшеліктерін, басқа мезгілдерімен салыстыра отырып айырмашылықтарды біледі, сырғанауға арналған көліктер, заттар түрлерін, біледі
Қандай түсініктерді игерді:Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздер қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты