б) Ә. Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа бөленді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін» — деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз. (Ә. Табылды.)
Жайсан ауылытапсырмасы:
в) Салт- дәстүр туралы мәлімет беріледі.
Қазақ - қонақжай, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
«Ата салтың - халықтық қалпың» дегендей біз салт - дәстүрімізді ұмытпауымыз керек.
Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата - ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.
Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт - дәстүрлер бар.
Олар: шілдехана, тұсау кесу, бесік той, т.б.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.
Балғабек Қыдырбекұлы ауылының тапсырмасы:
г) Ұлттық ойындар туралы не білесің?
«Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны.
Шарты: қоржын ішінен кереге, уық, шаңырақ, түндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру. Педагог кереге сөзін оқып, оның суретін тақтаға іліп қояды. Осыдан кейін балалардың жауаптары тыңдалады. Педагог толықтырып отырады.
Кереге - киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы.
Уық - кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің сүйектерінің бірі.
Шаңырақ - киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.
Түндік - киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз.
ғ) Әліппе- дәптермен жұмыс.
Наурыз көже туралы түсінік беру.
Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
Достарыңызбен бөлісу: |