№
|
Жүргізу қадамдары
|
1
|
Сақиналы преципитация реакциясы - қойылу мақсаты анықтамасы
Преципитация дегеніміз – құрамында антиден бар (преципитин) иммундық сарысумен әсер еткенде ерітіндіден антигендердің (преципитогеннің) тұнбаға түсуі құбылысы.
Қажетті жабдықтарды толығымен жинап алу.
|
2
|
Преципитациялық пробиркаға преципитациялаушы сарысу құяды, содан кейін пробирка қабырғасымен сызаттан ағызып преципитиноген құяды.
|
3
|
Реакция нәтижесі оң болғанда екі сұйықтық шекарасында күңгірт сақина (преципитат) пайда болады. Осыған байланысты бұл реакцияны сақиналы преципитация деп аталады.
|
4
|
Қойылатын шарт – міндетті түрде антиген және антидене мөлдір болу керек. Олай болмаса реакция нәтижесі айқын болмайды.
|
5
|
Реакция жоғары сезімталдығымен және арнайлығымен сипатталады.
Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.
|