Тексеріс кезінде:науқас бозарған, аяқтары ісінген, әсіресе бетінін ісіну айқын байқалады. АҚ – 180/100, ЖЖЖ -100, ЭКГ-да миокардтың диффуздық зақымдалу белгілері бар. Қанда: Нв-100 г/л, қалдық азот 70-85 ммоль/л, антистрептолизин О титрі мен глобулиндер фракциясы мөлшері жоғарлаған, альбуминдер мен комплемент фракциясы мөлшері төмендеген, ЭТЖ – 26 мм/сағ. Пастернацкий симптомы оң. Тәуліктік диурез -1л, зәрдің салыс-тырмалы тығыздығы -1029, концентрациялық индексі – 3,3. Зәр бұлдыр, түрі «ет жуындысы» тәріздес, құрамында «көлеңке» түріндегі эритроциттер өте көп, лейкоциттер көру аймағында 6-8 дейін, гиалиндік цилиндрлер көру аймағында – 3-4, белок – 1,5-2 г/л (молекулярлық массасы 70000 төмен, селективтілік индексі 0,1 төмен). Креатинин клиренсі тиісті мөлшерден 50% аз. Бүйректің пункциялық биоптатында «бүкір симптомы» анықталған.
Науқаста қандай ауру дамыған? Қорытындыны дәлелдеңіз.
Осы нефропатияның этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Бүйректің фильтрациялық және концентрациялық қызметтерін бағалаңыз.
Симптомдар мен синдромдар механизмін түсіндіріңіз.
Қалдық азот дегеніміз не?
Жауабы: Жедел гломерулонефрит. Инфекциялық аурулармен байланысы, түтікшелердің қалыпты қызметі кезіндегі бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдану белгілері байқалады. Пункциялық биопаттағы «бүкір симптомы», антистрептилизин О болуы және комплемент фракциясының азаюы нефропатияның иммундық сипатта екенін дәлелдейді.
Гломерулонефрит – бұл қандай да бір инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін 10-20 тәулік өткенде дамитын иммундық нефропатия, оның дамуы кезінде гломерулярлық аппарат құрылымдарында комплемент жүйесін белсендірумен жүретін иммундық кешендер (АГ+АД) пайда болып, олардың көп мөлшерде жиналуы жүреді. Осыдан нейтрофил, макрофаг, тромбоцит және басқа да жасушалардың қатысуымен иммундық қабыну дамиды. Медиаторлардың әсерінен шумақ капиллярларының тромбозы дамиды, фильтрациялау кеңістігі азаяды, бүйректік қан ағысы баяулап, нәтижелі фильтрациялық қысым төмендейді, бүйрек тамырларының өткізгіштігі артады.
Науқастағы креатинин клиренсі бүйректің фильтрациялық және экскрециялық қызметтерінің күрт төмендегенің көрсетеді. 1 минутта біріншілік зәрдің 100 мл орнына тек 50 мл ғана фильтрацияланады, яғни қанның 100 мл емес, тек 50 мл ғана улы заттардан тазаланады. Концентрациялық индексі мен зәрдің салыстырмалы тығыздығы қалыпты, бұл бүйрек түтікшелерінің концентрациялық қызметі қалыпты екендігін көрсетеді.
Олигурияның (диурез 1 л) дамуы шумақтық фильтрацияның азаюына негізделген.
«Зәрлік синдром» - селективтік протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия – бұлардың барлығы бүйрек тамырларының қабынуы және өткізгіштігінің артуы салдарынан болады.
Ісіну синдромымен қосарланған гипергидратация олигурия және РААЖ белсенуі салдарынан дамиды.
Артериялық гипертензия - РААЖ белсенуінен ангиотензин ІІ-нің, вазопрессиннің, көптеп реабсорбцияланған натрийдің артериол тонуысын артарушы әсерлеріне және айналымдағы қан көлемінің артуына негізделген.
Анемия (гемоглобиннің төмендеуі) макрогематурия салдарынан болуы мүмкін.
Азотемия (қалдық азот мөлшерінің артуы > 30 ммоль/л) шумақтардың экскрециялық қызметінің төмендеуіне негізделген.
Қалдық азот – бұл қан плазмасындағы құрамында азоты бар заттардың жиынтығы: мочевина-50%, азотаминоқышқылдар-25%, эрготианин-8%, креатин-5%, полипептидтер мен белоктық емес қосылыстардың азоты-5%, зәр қышқылы-4%, креатинин-2,5%, аммиак және индикан-0,5%.