Бірінші тізбектегі терапия Протондық насос ингибиторлары (омепразол* 20 мг, рабепразол* 20 мг) немесе ранитидин-висмут-цитрат* стандартты дозада + кларитромицин* 500 мг + амоксициллин* 1000 мг немесе метронидазол* 500 мг; барлық дəрілік заттарды 7 күн бойы күніне 2 реттен қабылдайды. Кларитромициннің амоксициллинмен қосындысы, кларитромициннің метронидазоломмен қосындысынан тиімдірек, себебі екінші тізбектегі терапияны тағайындау кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кларитромицинді 500 мг күніне 2 рет қабылдау дəрілік затты 250 мг күніне 2 рет қабылдаудан тиімдірек.
Ранитидин-висмут-цитрат** пен протондық насос ингибиторларының тиімділігі бірдей екендігі көрсетілген.