Болмыстың негізгі түрлері



Дата07.02.2022
өлшемі13,37 Kb.
#86503
Байланысты:
Болмыс ұғымы


Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда БАР БОЛУ , ӨМІР СҮРУ проблемасын қамтиды. БОЛМЫС түсінігінің арғы түбінде БОЛУ , БАР БОЛУ деген мағынаның жатқанын аңғару қиын емес. Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып-білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманғы философиялық әдебиеттен БОЛМЫС сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады . Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз , тысқары өмір сүретін объективті , материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада алғанда болмыс түсінігі бардың бәрін , өмір сүретіннің барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де , яғни адамдардың санасын , ақыл-ойын, жан сезімін қамтиды. Басқаша айтқанда , болмыс – бар болуды , өмір сүруді айқындап белгілейтін , шынайы дүниенің барлық түрлерін қамтитын кең және ауқымды ұғым.
Болмыстың негізгі түрлері
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек. Осы тұрғыдан алғанда болмыстың мынандай негізгі түрлерін ажыратуға болады :
1) табиғат болмысы және процестер болмысы , ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар , процестер болмысына бөлінеді
2) адам болмысы , ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі
3) рухани (идеялық) болмыс
4) әлеуметтік болмыс , бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет