Болон декларациясы мәтінінде интеграциялық үдерістің алты негізгі мақсаты тұжырымдалған: 1. Жеңіл түсінілетін және салыстырмалы деңгейлер жүйесін қабылдау, оның ішінде еуропалық азаматтардың еңбекпен қамтылуын және еуропалық жоғары білім жүйесінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған жалпы Еуропалық дипломға Қосымшаны енгізу арқылы.
2. Деңгейге дейінгі (undergraduate) және деңгейден кейінгі (graduate) - екі циклге негізделген жүйені қабылдау.
3. Кең ауқымды студенттік ұтқырлықты қолдаудың тиісті құралы ретінде ECTS – еуропалық кредитті трансферлеу жүйесі - үлгісі бойынша кредиттер жүйесін енгізу.
бағдарламаларығылыми зерттеулерді өткізуге және практикалық дайындалуға қатысты.
Болон процесі - жоғары білімнің еуропалық бірегей кеңістігін жасау процесі.
4. Төмендегілерге назар аудара отырып, еркін қозғалысты тиімді жүзеге асыруда кедергілерді артқа тастау жолымен ұтқырлыққа көмектесу:
• оқушыларға білім алуды және практикалық дайындықты, сонымен қатар ілеспе қызметтерді алуға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
• оқытушыларға, зерттеушілерге және әкімшілік қызметкерлерге, олардың заңмен белгіленген құқықтарына еш зиянсыз, еуропалық аймақта зерттеулер, оқытулар және машықтанулар өткізуіне жіберген уақыты кезеңдері танылуы қамтамасыз етілуі тиіс.
5. Салыстырмалы критерийлер және әдіснамаларды әзірлеу мақсатында, білім беру сапасын қамтамасыз етуде еуропалық әріптестікке көмектесу.
6. Жоғары білімдегі қажетті еуропалық көзқарастарға көмек көрсету, әсіресе оқу жоспарларын дамытуға, институт аралық әріптестікке, ұтқырлық сызбаларына, бірлескен оқыту бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерді өткізуге және практикалық дайындалуға қатысты.