Еуропалық университеттер қауымдастығын және жоғары білімнің бірегей еуропалық кеңістігін құру идеясын Италиядағы және жалпы Еуропадағы ең ежелгі Болон университеті ұсынып отыр. 1986 жылы өзінің 900 жылдық мерейтойына дайындалу барысында, ол Еуропаның барлық цуниверситеттеріне Университеттер Ұлы Хартиясын - Magna Charta Universitarum – қабылдауға үндеу тастады. Бұл ұсыныс ерекше ынтамен қабыл алынды және 1988 жылғы мерекелік салтанат барысында университеттік білімнің тұрақты құндылықтарын және әмбебаптығын ұсынатын, сонымен қатар олардың арасындағы тығыз байланысқа шақыратын бұл құжатқа 80-ге жуық ЖОО-дары ректорлары қол қойды.