Бұдан әрі еуропаның білім министрлерінің кездесулері тұрақты түрде өте бастады және әр кездесу сайын Болон процесі қатарына жаңа елдер қосылатын болды. 2001 жылы министрлер Прагада бас қосты, 2003 жылы – Берлинде кездесті. Берлин конференциясы барысында Болон Декларациясына қол қойған елдер саны, Ресейді қоса алғанда қырыққа жетті. Төртінші кездесу Норвегияның Берген қаласында 2005 жылдың мамыр айында өтті. Ол жерде Болон процесіне енуге Украинамен бірге бұрынғы Кеңес Одағының бес елі құлық танытты. Бесінші кездесу 2007 жылы Лондонда, ал алтыншысы – 2009 жылы Левен/ Лувен-ла-Невада, жетіншісі – 2010 жылы Будапештте, сегізіншісі – 2012 жылы Бухарестте орын алды. Қазақстан Болон Декларациясына 2010 жылы қол қойды. Министрлердің шектік конференцияларынан бөлек Болон процесі шеңберінде, оның жекелеген аспектілеріне арналған бірқатар халықаралық шаралар да өткізіледі.