Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет37/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

3.2. Сұрақтама әдістері
Психологиялық зерттеулерде сұрақтама әдістері: анкета, интервью, 
әңгімелесу, сауалнама формаларында болуы мүмкін.
Әңгімелесу
– зерттеудің әр стадиясында алғашқы бағдарлама негізінде 
қорытындылауды дәлелдей түсу, басқа әдістерінен алынған мәліметтерді 
пысықтау және кеңейту үшін қолданылатын сұрақтамалық әдістің бір түрі және 
алғашқы байланыс орнату, проективті тестілерді жүргізудің алғы шарты.
Интервью
- әңгімелесу негізінде жинақталған белгілі бір формадағы түрі. 
Интервью сұрақтамасы белгілі бір тәртіпте орындалып, белгілі бір аспектіні ғана 
қамтиды. (іnter –между, vіev-көзқарас). Интервьюдің өзі интервьюреер мен
17
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: 
Питер, 2003.- 43б


43 
респонденттің тікелей немесе тікелей емес қарым-қатынаста болуына
байланысты.
1) Tet- a-tet (бетпе-бет) 
2) топтық интервью
Анкета 
- әртүрлі тұлғалардың қасиеттері туралы психологиялық 
құрылымдары туралы мәлімет алуға негізделген сұрақтама әдістемелерінің бір 
түрі. Анкета әдісі әлеуметтік психологияда жас ерекшелік психологияда 
этнопсихологияда жиі қолданады.
Анкеталық сұрақтаманы жасау кезеңдері:

Сұрақтар арқылы алынуға тиіс хабарламалардың жағдайларын (мәселе) анықтау 

Сұрақтардың жоспарын жасау

Негізгі мәселеге жақындаған сұрақтардың тізімін анықтайды 

Жоспарды алдын –ала тексеру, анкеталық проба жасау 

Сұрақтарды түзету және редакциялау
Анкеталық сұрақтардың жіктелуі.
І. Түрі бойынша:
а) ашық және жабық сұрақтар;
б) тікелей және жанама сұрақтар болып жіктеледі.
Ашық сұрақтар
деп респондент (жауап беруші) сұраушыға өз қалауы 
бойынша сұраққа қатысты өз ойындағысын айту мүмкіндігін беретін сұрақтар. 
Ашық сұрақтардың артықшылығы
– жауап табиғи түрде беріледі. Мұндай 
жауаптарда кейде кездейсоқ әрі күтпеген жауаптарды алуға болды.
Кемшілігі
– 
айтылған мәліметтерді интерпретациялау қиын болады және респондент кейде 
объективті түрде жауап бермеуі мүмкін.
Жабық сұрақтар
деп респондент сұрағына жауаптың әртүрлі варианттарының 
бірін ғана бере алатын сұрақтар жиынтығы. 
Артықшылығы
: жауаптарды өңдеу 
оңай, анализ және интерпретация жасау жеңіл.
Кемшілігі
: ұсынылған жауап 
варианттары зерттеушінің ойына толық сәйкес келмеуі мүмкін. Соның салдарынан 
алынған мәліметтердің ақпараттылығы және себептілігі мен валидтілігі 
(дұрыстығы) шектелінеді.
Тікелей сұрақ
– респонденттерден тік, тура хабарлама алуға бағытталған.
Жанама сұрақ
– тікелей зерттелушіге бағытталмауы мүмкін басқа адамдар 
туралы сұрақтар мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет