50
Эксперименттік әсерлердің оның салдары мен байланысын көрсететін немесе
екі айнымалылардың қатынасы каузальды (себеп –салдары) болатынын бекітетін
мындай 3 шартты естен шығармау қажет:
Уақыт бойынша кезектесушілік шарты, яғни эксперименттік әсер уақыт
бойынша оның салдарының немесе әсерінің алдында болуы керек.
Эксперименттік әсер мен оның салдары арасында статистикалық байланыс
болу керек. Егер әсер мен эффект бір–бірімен байланыста болмаса, онда олар
бір–бірлеріне себеп болуы мүмкін емес. Мұндай сәйкестене өзгеруді тексеру
үшін статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Сөйтіп статистикалық
көрсеткіштер сүзгі (фильтр) әрі реттегіштік қызметін атқарады.
Салдардың қалыптасуына әсер ететін эксперименттік әсерден басқа шындыққа
жақын баламалы түсіндірмелер болмауы қажет.
Мақсаты -
зерттелетін құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы байланыстар
туралы ақпаратты анықтау, әлеуметтік процесс тенденцияларының заңдылықтары
қасиеттері нақты білім алу, жаңа жетістіктерге жету.
Достарыңызбен бөлісу: