Бас жиын - ғылыми-психологиялық зерттеу бағдарламасы бойынша
зерттеу пәні болып табылады және территориялық, уақыттық шектерімен
ажыратылған кең түрдегі объектілер жиыны. Кез-келген бас жиынды
белгілі-бір ортақ белгілері арқылы анықтауға болады. Мысалы: бас жиын
ретінде студенттер қауымы, қала тұрғындары т.б.
Бас жиынның бақылау немесе тікелей зерттеу объектісіне айналатын бөлігі
-
таңдау тобы деп аталады
11
.
Таңдау тобына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер бас
жиынға ауыстырылады. Сол үшін таңдау тобы репрезентатативті болуы қажет,
яғни бас жиынның барлық көрсеткіштері мен зерттеу сипаттарына ие болуы шарт.
Таңдамалы жиын 2 көрсеткішпен сипатталады:
репрезентативтілік
сенімділік
Репрезентативтілік - зерттеу тұрғысынан маңызды болып табылатын бас
жиынның параметрлерін көрсететін іріктеу жиынының қасиеттері.
Репрезентативтілікті бағалау қателерді есептеу мен талдау негізінде жүзеге
асады: а) процедуралық (белгілерді тіркеу кезіндегі жіберілген);
б) кездейсоқ (зерттелетін белгінің өзгеру деңгейіне тәуелді).
Іріктеу бірлігі - таңдамалы жиынды іріктеудің әрбір кезеңінде алынатын
бас жиынның элементтері.
Бақылау бірлігі - қалыптасқан таңдамалы жиынның статистикалық
бақылауға тікелей қатысатын элементтері.
Дисперсия - бас жиын немесе іріктеу жиынының жекелеген мәндерінің
орта көрсеткіштерден ауытқуы. Дисперсия неғұрлым жоғары болса, зерттеуді
жалғастыру үшін, іріктеу жиынын соғұрлым көлемді болуы қажет.
11
Ганзен В.А., Балин В.Д. Теория и методология психологического исследования: Практическое
руководство. СПб.: СПбГУ, 1991, 76 с.
30
Психологиялық зерттеу процесі - зерттеу ситуациясының белгілі-бір
объекті туралы жаңа білімдерді ашу үшін, нақты құралдарды пайдалануы
және тәжірибеде меңгеруі т.б.