Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет24/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Қайта жаңғыртушы.
Зерттеулерді жүргізудің мақсаты – алдыңғы 
эксперименттерді 
олардың 
нәтижелерінің 
сенімділігі, 
объективтілігі, 
ақиқаттылығын анықтау үшін дәлме –дәл қайталау. Сондықтан кез–келген зерттеу 
нәтижелері басқа зертеуші қайта жаңғырта алатындай болу керек.
 
2. 2. Психологиялық зерттеудің негізгі ұғымдары
Қазақстан республикасының Ғылым туралы заңына сәйкес ғылыми 
зерттеулерге ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол 
жеткізу 
мақсатында 
ғылыми-зерттеу, 
тәжірибелік-конструкторлық 
және 
технологиялық жұмыстар шеңберінде тиісті ғылыми әдістермен және 
құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық зерттеулерді 
жатқызуға болады
10
.
Зерттеудің мақсаты
- бұл зерттеу барысындағы түрлі актілер мен
операциялардың жүйелі реттелуінен сипатын анықтайтын әрекет жобасы мен
зерттеудің жалпы бағыттылығы. Зерттеудің мақсаты теориялық және
қолданбалы сипатта болуы мүмкін. Теориялық зерттеу объектінің құрылымы,
қызмет, даму заңдылықтары туралы жаңа білімдер ашу және зерттеудің жаңа
әдістері мен процедураларын негіздеуге бағытталған. Психологиялық зерттеу
бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі - зерттеу міндетін
анықтау болып табылады.
Зерттеудің міндеттері
- мәселені шешу мен талдауға бағытталған
нақты мақсаттағы нұсқаулар жиынтығы. Зерттеу міндеті мәселені талдауға
деген негізгі және қосымша талаптардан тұрады. Мысалы: теоретикалық
мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулерде теоретикалық міндеттер -
негізгі
, ал практикалық міндеттер қосымша талаптар болып табылады. 
Психологиялық зерттеу - белгілі бір тапсырысқа сәйкес қоғамға қажетті
нәтижелер алынған жағдайда ғана толыққанды зерттеу деп саналады.
Зерттеудің өзектілігі. 
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау 
барысында оның өзектілігіне баға беру керек. Психологиялық зерттеу өзектілігінің 
негізгі қырлары болып мыналар табылады: 
1.
Зерттеліп 
жатқан 
құбылысқа 
қатысты 
теориялық 
құрылымның 
толықтырылуы. Cипаттамалар мен байланыстар туралы жаңа мәліметтер зерттеу 
10
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы // Қазақстан Республикасының 2011 
жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы// "Егемен Қазақстан" 2011 ж 25 ақпан № 59-61. 


28 
құбылысының табиғатын айқындайды, нәтижесінде білімдер жүйесіндегі кейбір 
«ақ дақтарды» жабуға және түрлі қарама-қайшылықтарды шешуге көмектеседі.
2.
Жұмыстың теориясы мен қолдану саласын кеңейтуге септігін тигізетін жаңа 
ғылыми дәлелденген мәліметтерге мұқтаждық. 
3.
Психодиагностикалық және зерттеу әдістерінің тиімділігінің артуы және 
жаңа мәліметтердің пайда болуына әсерін тигізеді. 
4.
Мүмкіншіліктері мен тиімділігі кеңірек әдіс-тәсілдерге, оқуға, машықтануға, 
емделуге, сауығуға, еңбекте қолдануына мұқтаж болу. 
5.
Ғылыми психологиялық теориялар мен тұжырымдарды толықтыру және 
өңдеу қажеттілігінен туындайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет