8
керек біліммен қамтамасыз етеді;
нормативті жүйе
ретінде
нормалар мен этикалық
ережелер арқылы ғылыми құрылымдар арасында
байланыс орнатып оны реттеп
отырады;
коммуникативті
қызмет
- әлеуметтік ортада түсінікті әрі қажетті қарым-
қатынас орнатады;
аксиологиялық қызмет
-
ғылыми жаңалықтарды адамзат игілігіне
жарату мақсатында
қоғамда құнды бағдар жасайды;
креативті (шығармашылық)
қызмет
-
адамзаттың қуатты интеллектуалды әлеуетін жасап шығарудың арқасында
жүзеге асады;
тәрбиелік қызмет
қоғамда білім деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік етеді.
Мұндай білімдерді жинақтау үрдісі
ғылыми таным
деп аталады.
Ғылыми зерттеу жұмысы
– тәжірибеде бар білімді кеңейту және жаңа білім
алу, ғылыми болжамдарды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын
анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми
ізденіспен,
зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс
болып
саналады.
Ғылыми ізденіс.
Ғылыми ізденіс әрдайым ғылыми біліктілік деңгейін арттыруға,
табиғат пен әлеуметтік құбылыстардың жаңа заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Ғылыми ізденістер қашанда бір-бірінен ерекшеленеді. Әр зерттеудің мақсатқа
бағытталған танымдық үрдісі, қорытындысы, жалпылануы
мен нақты зерттеу
жағдайы нәтижесінде ұсынылған логикалық ғылыми тұжырымы болады.
Ғылыми ізденістер бірнеше кезеңдерден тұратын танымның мақсатқа
бағытталған үрдісі болып табылады. Оның нәтижелері ғылыми зерттеудің көрінісіне
байланысты болады:
ғылыми мақала, эссе, курстық жұмыс, дипломдық жоба,
диссертация (магистрлік, докторлық), монография және т.б.
Кез-келген
құбылысты зерттеу, тану, ғылыми ізденістер жүргізудің
барлығы өз дәрежесінде
жаңалық болып табылады. Бұл кезде ғылыми интуиция, зерттеушінің
индивидуалдылылығы және оның зерттеуші ретіндегі тәжірибесі өте маңызды.
Қазақстан республикасының Ғылым туралы заңына сәйкес ғылыми
зерттеулерге ғылыми немесе ғылыми-техникалық
қызмет нәтижелеріне қол
жеткізу
мақсатында
ғылыми-зерттеу,
тәжірибелік-конструкторлық
және
технологиялық жұмыстар шеңберінде тиісті ғылыми әдістермен және
құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық зерттеулерді
жатқызуға болады.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттыру және ғылыми қызметті дамытудың басты
жағдайларының бірі- зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми қарым-
қатынас жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы
байланыстарды одан әрі
дамыту болып табылады.
Қазіргі заманның өскелең талаптарына сай ғылымның логикалық–
гносеологиялық,
әлеуметтік,
экономикалық,
құқықтық,
психологиялық-
педагогикалық т.б көптеген зерттеулері топтасуда. Ғылым – күрделі көп өлшемді
әлеуметтік құбылыс әрі білімнің түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи
жағдайларда оны алуан түрлі жақтарынан зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: