Әдіснамалық аппарат қамтиды :
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары;
- Ғылыми-зерттеу әдістемелері және оның стратегиясын анықтау тәсілдері;
- Ғылыми аппарат: ғылыми зерттеулердің ұғымдық-категориялық негізі
(өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эвристикалық мәні, теориялық және практикалық
маңыздылығы, зерттеу мәселесі, объектісі, пәні, гипотеза, мақсаты мен міндеті).
Ғылыми зерттеудің барлық компоненттері бірігіп, зерттеудің әдіснамалық
аппаратының негізін қалыптастырады. Сонымен әдіснама
дегеніміз
– бұл
шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары,
ұстанымдары туралы ілім.
Зерттеу логикасы. Ғылыми білімнің басты элементі ретінде ғылыми
зерттеудің логикасы қарастырылады, бұл ғылыми ізденістегі белгілі бір жолды
түсіндіреді. Ғылыми-зерттеу мынадай талаптарға сай келетін шындық салыстыру
заңдылықтары ретінде ұтымды ойлаудың негізделген нақты қадамдар, логикалық
дәйектілігі мынаны талап етеді: нақтылық, дәлелділік, реттілік.
Логика (грек. logos–ақыл, ой.) – ойлау заңдылықтары туралы ғылым, объективті
шындық туралы білімге бағытталған ойды дұрыс құрайтын әдістері.
Зерттеу логикасыныың басты міндеттері: шынайы білімге қол жеткізу; ақыл-ой үрдісін
қалыптастыру; білім шынайы әдістерін пайдалану және т.б. Логиканың төмендегідей
типтерінің көмегімен ойлау жүзеге асады: теориялық, интуитивті, тәжірибелік.
Зерттеу маңыздылығы. Ол теориялық және практикалық сипаттарға
негізделінеді. Зерттеулердің
теориялық маңыздылығы - оның нәтижесінде
қалыптасқан тұжырымдамалар, болжамдар, ашылған заңдылықтар, әдістер,
бағыттар, көзқарастармен сипатталса, ал зерттеудің
практикалық маңыздылығы -
алынған мәліметтер негізінде болашақта жаңа ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар,
әдістер және т.б. дайындауға алғышарт болады.
Қағида – бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі
түсінігі. Қағида практикада, әдісте көрінеді.
Қағида мен әдістің айырмашылығы: қағидалар
зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін ұстанымдары. Ал,
әдістер ғылыми бағытқа, теориялар сипатына байланысты өзгеріп отырады.
Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық қағидаларының 4
деңгейін бөліп көрсетуге болады
3
.
3
Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического
исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. - М.:
Изд. Центр "Академия", 2001.-208с.
11
А) Философиялық әдіснамалық қағидалар;
Ә) Жалпы ғылыми әдіснамалық қағидалар;
Б) Жалпы психологиялық қағидалар;
В) Тікелей эксперименттік әдіснамалық қағидалар.